freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бөгет бұзылды: Астана–Қорғалжың жолында тасқынмен күрес жұмысы жүргізілуде

Қоғам
Бөгет бұзылды: Астана–Қорғалжың жолында тасқынмен күрес жұмысы жүргізілуде
ТЖМ

Шара еріген қар суын дала аймағына бағыттау мақсатында қолға алынды, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың және тұрғындардың күштерімен суды дала аймағына қайта бағыттау мақсатында Астана–Қорғалжың республикалық трассасының жол төсемінің деңгейін көтеру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жұмыстар тәулік бойы жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта шамамен 5 мың қап және 50 мың тонна инертті материал дайындалды, ұзындығы 800 метрге жуық топырақ үйіндісі төселді, — делінген ТЖМ хабарламасында.

Арнайы техника мен ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамы кезекшілік атқарып жатыр. Су басудың алдын алу және автокөліктердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Оқиға орнында ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы мен ТЖ департаментінің басшылығы жұмыстарды үйлестіріп жатыр.

Жағдай ТЖМ бақылауында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу