Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Боксшы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Спорт
Боксшы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының ширек финалына өтті


Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстаннан алғашқы болып Санжар Тәшкенбай рингке шықты. Ол 48 келіге дейінгі салмақта тәжікстандық Мехрон Шафиевпен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта Санжар жақсы өнер көрсетіп, 5:0 есебімен алға озды. Екінші кезеңде тәжікстандық боксшы Мехрон Шафиев нокдаун алып қалды. Бес төрешінің төрттеуі қазақ боксшысы басым деп дауыс берді. Есеп: 5:0

Бүгін, яғни, 6 желтоқсан күні Азия чемпионатының ширек финалында барлығы 5 боксшы бақ сынайды. 

Олар:

48 кг. Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) – Мехрон Шафиев (Тәжікстан); 

51 кг. Сәкен Бибосынов (Қазақстан) – Асылбек Жалилов (Өзбекстан); 

54 кг. Махмұд Сабырхан (Қазақстан) – Джаятнатх Кумар (Шри-Ланка); 

63,5 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Қазақстан) – Сомчай Вонгсуван (Тайланд);

92 кг. Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) – Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан). 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу