Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға таяды

Экономика
«Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға таяды

«Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға таяды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысымен танысты.

Жобаның жалпы құны – 7,9 млрд теңге. Қуаттылығы 160 МВт қосалқы станцияның құрылысына жауапты мердігер мекеме – «Аврора Констракшэн» ЖШС.

Шымкент қаласында энергетика саласын дамыту бағытындағы 220/110/10 кВ «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға таяды.

Қала әкімі әлеуетті нысанның құрылыс барысын аралап көріп, жауапты тұлғаларға құрылысты сапалы орындап, өз мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Қазіргі таңда нысанның бірқатар құрал-жабдықтарын (220 кВ  автотрансформатор, 220 кВ  КРУЭ, 110 кВ КРУЭ) орнату жұмыстары аяқталды. Басты құрал-жабдықтары толығымын жеткізілген. Әзірге бірқатар құрылыс-монтаж жұмыстары қалған.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2016-2021 жылдары жүзеге асыру жоспарланған. Мердігер мекеме басшылары құрылысты биыл маусым айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу