Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БҚО ТЖД Ирикла су қоймасынан өңірге келетін ағын сейілгенін мәлімдеді

Қоғам
БҚО ТЖД Ирикла су қоймасынан өңірге келетін ағын сейілгенін мәлімдеді

Ресей тарапының ақпараты бойынша Ирикла су қоймасында ағын сейілді, яғни секундына 1670 текше метрден, 140 текше метрге азайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Елімізбен шекаралас Ресей Федерациясы 5 облысының Төтенше жағдайлар ведомствосымен өзара іс-қимыл аясында трансшекаралық өзендердің жағдайы бойынша жедел ақпарат алмасып отырмыз. Ресей тарапының ақпараты бойынша (8 сәуір) Ирикла су қоймасында ағын сейілді, яғни секундына 1670 текше метрден, 140 текше метрге азайды. Сонымен қатар, Елек және Жайық өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Успеновка, Қарашығанақ, Димитрово, Жаңаталап, Жарсуат елді мекендерін су басу қаупі сақталуда. Димитрово және Қарашығанақ елді мекендерінен 25 адам (1 бала) алдын ала эвакуацияланды, қалған тұрғындар өз бетінше туыстарына орналасты, - деді Қанат Қарабалаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтілетінін айтты.

8 сәуірге арналған ауа райы болжамы бойынша, түнде облыстың шығысында аздап жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыс, батыс 9-14 м/с. ауа температурасы түнде 3-8, күндіз 13-18 градусқа жылиды, - дейді спикер. 

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу