Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бурабайда серіктестік жұрттың 10 мың гектар жерін сатып жіберген

Құқық
Бурабайда серіктестік жұрттың 10 мың гектар жерін сатып жіберген

Ақмола облысы Ақылбай ауылының тұрғындары «E-A» ЖШС басшылығының шартты жер үлестерін иеліктен шығару жөніндегі әрекеттерімен келіспейтіндігі туралы үндеумен Бурабай аудандық прокуратурасына жүгінген, деп хабарлайды Malim.kz.

Серіктестік қаржы ұйымына берешегін өтеу үшін шартты жер үлестерінен тұратын 10 494 га жерді пайдалану құқығын жүзеге асырғаны анықталған.

Материалдарды зерделеу барысында серіктестік даулы жер телімін үлескерлердің келісімінсіз, еншілес компания арқылы арзандатылған бағамен жүзеге асырғаны анықталған.

Аудан прокуратурасының талап арызы бойынша Ақмола облыстық сотының соталқасының қаулысымен жерді сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылып, үлестік жерлер серіктестікке қайтарылды. Осылайша, 422 үлескердің шартты жер үлестеріне қатысты құқықтары қалпына келтірілді, деп жазылған прокуратура хабарламасында.
Фото: burabayresort.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу