Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бұрынғы уақытты қайтару туралы петиция 50 мың қол жинады

Қоғам
Бұрынғы уақытты қайтару туралы петиция 50 мың қол жинады

Бірыңғай уақыт белдеуін алып тастау туралы петицияға 50 мың адам қол қойған. Заңға сәйкес, оны енді үкімет қарауы керек, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін epetition.kz сайтында «Бұрынғы уақытты қайтару» деген атаумен петиция жарияланған болатын. Бүгін оған қол қойып, дауыс берген адамдардың саны 50 мыңға жетті.

Ал қолданыстағы заңға сәйкес, 50 мың дауыс жиналған петиция үкімет деңгейінде қаралады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан биыл 1 наурызда бірыңғай уақыт белдеуіне ауысты. Он бес өңір жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа шегерді.

Айта кетейік, жуырда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин уақыт белдеуіне қатысты сұраққа жауап берген болатын. Ол кезде петицияға 40 мың адамның қолы қойылған еді.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу