Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы елшісі отставкаға кетеді

Әлем
БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы елшісі отставкаға кетеді

БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы елшісі Гейр Педерсен қызметінен кету туралы шешім қабылдады, деп жазады Синьхуа.

БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы елшісі Гейр Педерсен жеке себептерге байланысты өз қызметінен кететінін бейсенбі күні хабарлады.

Мен БҰҰ Бас хатшысына Сирия бойынша арнайы елші ретінде алты жарым жылдан астам уақыт қызмет еткеннен кейін өз еркіммен отставкаға кететінімді хабарладым, және ол менің өтінішімді қабылдады. Ұзақ уақыттан бері жеке себептерге байланысты кетуді жоспарлап жүр едім, — деді Гейр Педерсен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне.

69 жастағы елші жақын арада қызметінен кететінін, бірақ қызметіндегі соңғы күнге дейін міндеттерін атқаруды жалғастыратынын айтты. Оның нақты кету күні жарияланған жоқ.

Бұған дейін хабарланғандай, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Сирия бойынша Астана процесіне БҰҰ-ның осы мәселе жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсеннің келетінін мәлім етті.

Фото: news.un.org

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу