freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БҰҰ: Украинада 325 мың адам қайта қоныс аударуы мүмкін

Әлем
БҰҰ: Украинада 325 мың адам қайта қоныс аударуы мүмкін
Фото: Vladyslav Musiienko/AP Photo/picture alliancе

Біріккен Ұлттар Ұйымы Украинадағы энергетикалық инфрақұрылымның бұзылуы салдарынан халықтың қайта қоныс аудару қаупі бар екенін ескертті, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Бағалауға сәйкес, 325 мыңға дейін адам электр мен жылудың үзілуіне байланысты үйлерін қайта тастап кетуі мүмкін.

Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) деректеріне қарағанда, ықтимал қоныс аударушылардың едәуір бөлігі — бұрын шетелден және ел ішінен оралып келген украиндықтар. Олардың үштен бірінен астамы қайтадан шетелге кету мүмкіндігін қарастырып отыр.

ХКҰ бас директоры Эми Поуп қысты электр қуатының үзілуі жағдайында өткеру үшін тек төзімділік жеткіліксіз екенін атап өтті. Оның айтуынша, қауіпсіз баспана, тұрақты энергиямен қамту және негізгі қызметтерге қолжетімділік — адамдардың өмір сүруі мен қадір-қасиетін сақтау үшін аса маңызды.

Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметтері бойынша:

Қаңтарда Украинада 3,7 млн адам ел ішінде қоныс аударғандар ретінде өмір сүрген.

Соғыс басталғалы 4,4 млн-нан астам босқын үйлеріне оралды, оның ішінде 1 млн-нан астамы — шетелден.

Шамамен 372 мың адам әлі де өз өңірлеріне қайта алмай, ел ішінде босқын мәртебесінде қалып отыр.

БҰҰ сарапшылары гуманитарлық жағдайдың нашарлауына және жаңа көші-қон толқынына жол бермеу үшін халықаралық қауымдастықты қолдауды күшейтуге шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу