Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Былтыр ел аумағында мыңнан аса стихиялық қоқыс үйіндісі анықталған

Экология
Былтыр ел аумағында мыңнан аса стихиялық қоқыс үйіндісі анықталған

Былтырғы сәуірден бастап республика аумағында ел аумағында 1120 стихиялық қоқыс үйіндісі анықталған, деп хабарлайды Malim.kz.

ІІМ мәліметінше, «Таза Қазақстан» акциясы аясында қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген жерлерде тастауға, сондай-ақ, сұйық қалдықтарды полигондардан тыс жерлерге төгуге жол бермеу бойынша жұмыс жүргізіп келеді.

Акцияға 7037 полиция қызметкері қатысқан. Нәтижесінде 1120 стихиялық қоқыс үйіндісі анықталып, сондай-ақ 307 мың әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде қоғамдық орындарды ластаудың 109 мың дерегі; абаттандыру ережелерін бұзудың 198 мың дерегі анықталған.

Жергілікті атқарушы органдарға 782 бұзушылықты жою туралы нұсқау беріліп, оның нәтижесінде 524 қоқыс үйіндісі жойылған.

Фото: polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу