Ақмола облысында тасқа қашалған көне артефакт табылды

Ғалымдардың пікірінше, әзірге тасқа қашалған адам бейнесіндегі ежелгі мүсіннің қай дәуірге жататынын айту мүмкін емес.

Берік Дәулетов

  • 17.07.2024

Ақмола облысының Сандықтау ауданында көне артефакт табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тарихи олжаны «Орман» профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Сандықтау аудандық ТЖБ қызметкерлері Нұрсұлтан Әшкенов пен Ахмет Зарипов Балкашино ауылы маңындағы орман ішінен байқаған.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, артефакт-тасқа қашалған адамның беті. Бұл туралы өрт сөндірушілер Ақмола облысы ТЖД және Ақмола облыстық «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының» мамандарына хабарлап айтқан.

Ғалымдардың пікірінше, әзірге тасқа қашалған адам бейнесіндегі ежелгі мүсіннің қай дәуірге жататынын айту мүмкін емес. Осыған ұқсас ескерткіштер, қола және ерте темір дәуірлері, сондай-ақ, орта ғасырлардағы түркі кезеңінде табылған.

Мұндай мүсіндер қола дәуірі кезеңіне тән, Шығыс Еуропа және Орта Азия аумағында кездеседі. Сондай-ақ, ерте темір дәуіріндегі ескерткіштерге ұқсастық бар, Оңтүстік Сібір аумағында Ғұн, Сармат кезеңінде де кездеседі. Бізге белгілісі орта ғасырлардағы Еуразия аумағында кеңінен тараған түркі мүсіні. Сонымен бірге, жаңа заман кезеңінде естен шығармау керек», - дейді Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Сергей Ярыгин.

Ақмола облыстық «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының» директоры Жасұлан Үкеевтің атап өткендей, қазіргі уақытта артефакт мемлекеттік қорғауға алынған.

Айта кетсек, бұдан бұрын Атбасар ауданында 22 жаңа археологиялық ескерткіш табылғанын жазған едік.

Фото: Ақмола облысы ТЖД

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Жоғалып кеткен қыз зират басынан табылды

02.05.2025

Олигархтардан қайтарылған 1 миллиард теңге қайда жұмсалмақ?

28.04.2025

Темірмен ұрған: асырап алған балаға қатыгездік танытқан әйелге сот үкімі шықты

27.04.2025

Ақмола облысында шенеунік жетім балаға арналған үйде тұрған

25.04.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жоғалып кеткен қыз зират басынан табылды

Олигархтардан қайтарылған 1 миллиард теңге қайда жұмсалмақ?

Темірмен ұрған: асырап алған балаға қатыгездік танытқан әйелге сот үкімі шықты

Ақмола облысында шенеунік жетім балаға арналған үйде тұрған