Астанада «Қазына» деректі тележобасы таныстырылды

Malim Админ

  • 16.01.2024

Қазақтың қазынасы – домбыра мен күй мәдениеті туралы сыр шертетін «Қазына» жаңа тележобасын Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Хабар» агенттігі жарыққа шығарды.

Тұсаукесерге ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақ халқы ғасырлар бойы тарих пен мәдениетті сақтап, оларды күй арқылы жеткізгенін атап өтті.

«Ұлттық домбыра күнімен құттықтаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Домбыра үнінен ұлттық тарихтың бастауы мен Ұлы даланың сан ғасырлық шежіресі естіледі. Халқымыздың төл мәдениеті мен өнерін домбырасыз елестету мүмкін емес. Жүректен шыққан күй ұлттық рухты көтереді" деді.  Шынында да күй өнері ел тарихымен бірге өмір сүреді.  Біздің міндетіміз – қасиетті өнерімізді насихаттау және болашақ ұрпаққа аманат ету", - деп атап өтті Аида Балаева.

"Қазына" тележобасы домбыраны насихаттауға, есімі музыка тарихына алтын әріппен жазылған күйшілердің мұрасын қазақстандықтардың санасында жаңғыртуға бағытталған.

Деректі фильмде 7 мектептің тарихы, оқиғалары мен ерекшеліктері туралы баяндайды.

Айта кетейік, соңғы жылдары күй өнерін зерттеуші ғалымдар мектептер санын 7-ден 12-ге дейін арттырды.

Жобаға өнертану, музыкатану, этнография және тарих ғылымдарының мамандары қатысады.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Майра Ілиясованы 70 жас мерейтойымен құттықтады

02.05.2025

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

29.04.2025

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

24.04.2025

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

24.04.2025

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

23.04.2025

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

17.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Майра Ілиясованы 70 жас мерейтойымен құттықтады

Министр Аида Балаева Халық әртісі Майра Ілиясоваға Мемлекет басшысының арнайы құттықтауын жеткізді

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

"Алаш" халықаралық әдеби сыйлығы Қазақстан Жазушылар одағы басқарамасы Секретариатының шешімімен жыл сайын табысталатын марапат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

Ол республикалық "Қазақстан" газетінің бас редакторы болған

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

Еліміздің 100 суретшісінің танымал еңбектерін арнайы шығарып, барлық мектептерге тарату қолға алынса құба құп