Белгілі футболшы, комментатор Диас Омаров қайтыс болды

Malim Админ

  • 05.07.2020

Қазалы хабарды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева фейсбук парақшасында хабарлады.

«Бүгін қазақ журналистикасы тағы бір жарық жұлдызынан айырылды. Сексенге қараған шағында елге әйгілі спортшы, атақты футбол комментаторы Омаров Диас Ілиясұлы дүниеден өтті. Бүкіл саналы ғұмырын спортқа арнап, спорт журналистикасының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Диас Ілиясұлының өнегелі өмірі барша журналистер қауымына үлгі болып қалады. Бұл дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ. Алайда, дана халқымыз «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дейді.

Диас Ілиясұлының сонау кеңес заманындағы «Советскиий спорт», «Труд» газеттерінде жарияланған дүниелерінен бастап, «Қазтелерадиодағы» комментаторлық жанкешті еңбегі, еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі «Хабар» арнасы секілді республикалық телеарналардағы спорт журналистикасының тасын өрге сүйреп, өз кәсібіне адал қызмет етуі барша журналистер қауымына үлгі-өнеге дер едік.

Орны толмас ауыр қазада марқұм Диас Омаров ағамыздың отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Марқұмның иманы жолдас болып, пейіште нұры шалқысын», – деді министр.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады