Біріккен статистика: Бір тәулікте 6407 адам ауырған

Malim Админ

  • 02.08.2020

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов фейсбук парақшасында COVID-19 бойынша жаңартылған статистиканың алғашқы нәтижелерін жариялады.

«COVID–19 және пневмония жағдайлары бойынша деректердің барынша ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 18 шілдеден бастап статистикалық деректерді есепке алу мен қалыптастырудың жаңа тәсілдерін айқындады.

ДДСҰ-ның Еуропалық аймақтық Бюросымен бірқатар техникалық консультациялардан кейін аурулардың халықаралық жіктемесінің жаңа кодтары бойынша COVID-19 жағдайларын кодтауға және есепке алуға көшу туралы шешім қабылданды. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап COVID-19 зертханалық расталған жағдайлары коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар ПТР тесттің теріс нәтижесі, пневмония жағдайлары ескеріледі.

Кронавирус инфекциясы және пневмонияны есепке алудың өзгертілген тәсілдері аурудың дұрыс болжамдарын жасауға, қажетті ресурстарды: медициналық кадрларды, төсек-орындарын, медициналық жабдықтарды, дәрілік заттарды барабар жоспарлауға, сондай-ақ статистиканың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл біздің мемлекетіміздің коронавирустық пандемияға бірлесіп қарсы тұруға және оның салдарын халықаралық қауымдастықпен тығыз байланыста зерттеуге дайын екендігінің ашық саясатын көрсетеді.

Қазақстан Республиканың денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекция бойынша статистикалық деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін кодтау алгоритмі мен ақпараттық жүйелерге деректерді енгізу жөніндегі нұсқаулықты әзірледі, АХЖ-10 жіктемесінде COVID-19 кодтарын тағайындауға қатысты медицина қызметкерлерін оқытты.

Осылайша, 2020 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, COVID-19 зертханалық расталған жағдайлардың саны - 1226, соңғы бір тәулікте 36 адам қайтыс болды. Анықталмаған этиологиясы бар, бірақ коронавирустық инфекцияның клиникалық және эпидемиологиялық белгілері табылған пневмониямен ауырғандар саны – 5181. Өткен тәулікте пневмония диагнозымен 30 өлім жағдайы тіркелді» делінген хабарламада.

Байланысты жаналықтар

Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды

24.10.2024

Ақмола облысында есірткінің ірі зертханасы жойылды

19.10.2024

COVID-19 вирусының неден тарағаны анықталды

20.09.2024

ШҚО-да есірткі өндіретін астыртын зертхана жұмыс істеп тұрған

10.09.2024

7 келі меф, 200 литр прекурсор... ҰҚК Алматыда есірткі зертханасын тапты (ФОТО, ВИДЕО)

02.06.2024

COVID-19: Вакцинаның өлім тудыратыны рас па

03.04.2024
MalimBlocks
Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды

Есірткі зертханасының маманы қамауға алынды

Ақмола облысында есірткінің ірі зертханасы жойылды

Күдіктіден 7 келі «мефедрон» тәркіленген

COVID-19 вирусының неден тарағаны анықталды

АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа елдердің ғалымдары COVID-19 вирусының неден тарағанына қатысты зерттеу жүргізген

ШҚО-да есірткі өндіретін астыртын зертхана жұмыс істеп тұрған

Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 млрд теңгеден асады

7 келі меф, 200 литр прекурсор... ҰҚК Алматыда есірткі зертханасын тапты (ФОТО, ВИДЕО)

Бәрін екі адам істеп отырған

COVID-19: Вакцинаның өлім тудыратыны рас па

Қазнетте Covid-19 вакцинасының өлімге әкелетін вирусты қолдану арқылы жасалғаны туралы видео тарап жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.