"Болашақ" бағдарламасына құжат қабылдау жалғасып жатыр

Malim Админ

  • 26.08.2021

"Болашақ" бағдарламасына үміткерлерге қандай талаптар қойылады? Үміткерлер қандай құжаттар тапсыруы тиіс? "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның конкурстық іріктеу рәсімдерін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы  Мадина Айтбаева осы сұрақтарға жауап берді.

Қазіргі кезде "Болашақ" бағдарламасына бес санат бойынша құжат тапсыруға болады. Олар: магистратура, докторантура, резидентура, тағылымдама және ауылды жерден шыққан үміткерлер.

"Егер магистратура, докторантура немесе тағылымдамаға тапсыратын болсаңыз, ондай үміткерлердің ең алдымен шетелдің жоғары оқу орнынан шартсыз шақыртуы болуы тиіс (бұл талап ауылды жерден шыққан үміткерлерге қойылмайды). Шартсыз шақыртуда қаржылық талаптар жазылса, оған рұқсат етіледі. Ал қосымша "сауалнаманы толтырыңыз, қосымша құжаттарды жолдаңыз" дегендей талаптар қойылса, мұндай шақырту қабылданбайды. Екінші талап – қазақ тілін кемі В1 деңгейінде білетінін көрсететін "Қазтест" сертификаты. Бұл тесті Ұлттық тестілеу орталығында тапсыруға болады. Үшіншіден, бакалвр немесе маман дипломы және шетелге шығуға рұқсат беретін 072 медициналық формасы", - дейді Мадина Айтбаева.

Докторантураға құжат тапсырушылар бұдан бөлек оқу жоспарын, ал тағылымдамаға құжат тапсырушылар жұмыс берушінің өтінімі, еңбек өтілін растайтын құжат, яғни еңбек кітапшасы мен зейнетақы жарнасынан үзінді, қаожылық смета тапсыруы тиіс. Қаржылық сметада тағылымдама жетекшісіне төленетін жалақы, құрал-жабдық, зертхана киімі, бұйымдарға кететін шығын көрсетіледі.  Сондай-ақ қабылдаушы жақ пен жіберуші тарап мақұладаған тағылымдама бағдарламасы болуы тиіс.

"Болашақ" бағдарламасына ауылды жерден шыққан үміткерлер де қатыса алады. Олар ауылды жерде кемі үш жыл тұрып, ауылда екі жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. Олардан шартсыз шақырту талап етілмейді. Өйткені конкурстық іріктеуден сәтті өтіп, "Болашақ" шәкіртақысының иегері атанған жағдайда оларға елде алты ай тіл курсынан өтуге мүмкіндік беріледі.

"Болашақ" бағдарламасына құжат қабылдау 28 қазанға дейін жалғасады. Биыл құжат тапсырушы үміткерлерді үш лекке бөліп тастаған. Қазіргі кезде үшінші лектегі үміткерлердің құжаттары қабылданып жатыр. Конкурстық іріктеу қараша айында басталы, қорытынды нәтиже желтоқсан айында шығады.  Үшінші лекте магистратураға 125, докторантураға 20, тағылымдамаға 60 грант бөлінген. Одан бөлек 500 ғалымға тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін гранттар бар.

"Болашақ" бойынша тағылымдаманың өзі бес санаттан тұрады. Олар: педагогикалық, денсаулық сақтау, инженерлік-техникалық, мемлекеттік қызметкерлер, спорт және мәдениет саласының қызметкерлеріне арналған тағылымдамалар.

"Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға болатын 217 мамандық бар. Олар жеті бағытқа бөлінген: инновациялар мен жаңа технологиялар, индустриалды инженерия, медицина, білім беру, әлеуметтік ғылымдар, жаратылыстану, креативті индустрия.

Ең бастысы, шетелдің жоғары оқу орнына өз бетінше түскен категориядағы үміткерлер "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын ЖОО тізімін қарауы керек. Яғни олар шартсыз шақырту алған оқу орны сол ЖОО тізімінде болуы тиіс.

 

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік