Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Есепшотын басқа адамға берген азамат қылмысқа қатысты деп танылды

Құқық
Есепшотын басқа адамға берген азамат қылмысқа қатысты деп танылды
видеодан скрин

Қылмыстық іске қатысы бар жас жігіт өзінің оқиғасын баяндап,  қалай дроппер болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. ​​    

 Мессенджер арқылы белгісіз тұлға оның шотын ақша аударымдарын қабылдап, қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қолдануды ұсынған. Ер адам ұсынысқа келіскен. Кейін ол бұл іске таныстарын тартқан.

1 миллиард теңге шығын келген: "Аяла Голд" қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы туыстарын "дроппер" ретінде пайдаланған

Шотынан алынған қолма-қол ақшаны ол өзі жеке танымайтын тұлғаларға беріп отырған. Ер адам өзінің заңды бұзып және жақындарын да қиын жағдайға түсіргенін жеткізді. Соның салдарынан олар да қылмыстық әрекетке тартылды. Оның шоты арқылы шешіп алынған 141 миллион теңге өзі жеке білмейтін адамдарға тапсырылған.

“Мен Telegram арқылы өзімнің каспий шотымды үшінші адамдарға беруге келістім. Сонымен қатар менің шотым арқылы қолма қол ақша шешіліп алынды. Оған қоса мен таныстарымды да бұл іске тарттым. Олар да қазір тергеуге алынды. Қолма қол ақшаны мен өзім танымайтын адамдарға тапсырдым. Мен өзімді ғана емес, ата-анамды да бұл іске араластырдым. Толыққанды қылмыстық ісқа қатысым бар екенін мойындаймын”, – деді ол. 

Полиция мұндай схемаларға қатысу қылмыс болып табылатынын және заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

Еске салсақ, Алматы облысында 19 жастағы жігіт дропперлер тобын ұйымдастырып, 250 млн теңгеге жуық қаржы жымқырған.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу