Дариға-ай, шіркін, мұрагер бола алмай жүрсе, бұлар тақтан қашып жатыр

Malim Админ

  • 20.02.2021

Ұлыбритания королінің ресми резиденциясы Букингем сарайының мәлімдеуінше, енді Британ ханзадасы Гарри мен оның жұбайы Меган Маркл король отбасының мүшелері ретінде міндет атқаруын доғарады. Бұл Британ патшайымы II Елизаветаның баласы Уэльс ханзадасы Чарльздің кенже ұлы Гарри енді ханзада емес, ал оны әйелі америкалық актриса Меган Маркл (екеуі 2018 жылы үйленген) енді ханшайым емес деген сөз.

Гарри мен Меган былтыр Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаға король яғни,  монархия шапағатынан, британ патша тағына мұрагерліктен бас тартатындарын, сөйтіп, қарапайым адам қатарына қосылатындарын өздері айтқан еді. Алайда, патшайым оларға асықпай ойлануға мұрсат берген. Енді міне, алған беттерінен қайтпаған Гарри мен Меган дегендеріне жеткендей. Гарри енді құрметті әскери атақ-дәреженің барлығынан айырылады. Ерлі-зайыптылар патша отбасының мүшесі ретінде атқарып келген қайырымдылық қорларындағы жұмыстарын тоқтатады. Сондай-ақ,  британ патша тағына мұрагерлікке енді үміттенбейді.  Ерлі-зайыптылар енді түрлі ресми шараға король отбасы атынан қатыса алмайды. Мемлекеттен де  отбасы мүшесі ретінде қаржы алмайды.

Патшалық таққа мұрагерліктен өз еріктерімен бас тартқан Гарри мен Меган қазір АҚШ-та тұрып жатыр.

MalimBlocks