Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

Ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігі растады

Malim Админ

  • 24.01.2023

Белгілі композитор, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Арман Дүйсенов өмірден озды. Бұл ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігі растады.

Әлеуметтік желілерде марқұмның әріптестері мен елімізге белгілі өнер қайраткерлері артында қалған отбасына көңіл айтып жатыр. Өнер иесінің жүрек дертінен көз жұмғаны айтылды. 

Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туған. 1997 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдағаннан кейін ҚР Халық әртісі Райымбек Сейтметов негізін қалаған «Өнер» факультетінің Музыка және орындаушылық өнер кафедрасында сабақ береді. Ол осы аралықта республикалық және халықаралық конкурстарда топ жарған жас талантты әншілер мен актерлердің тұтас буынын тәрбиеледі.

Өнер қайраткерінің өзі де бірнеше мәрте республикалық ән байқауларында жеңімпаз атанып, 50-ге жуық елде гастрольдік сапармен болған.

Сонымен қатар, Арман Дүйсенов «Хабар» және «Ел арна «телеарналарында «Айбын», «Достархана», «Тапқыр достар», «Дудар-ай» және «Хабар-старс» бағдарламаларын тізгіндеді.

Арман Дүйсенов көпшіліктің сүйспеншілігіне айналған бірнеше кинотуындыға музыка жазған. Бұған қоса, оның «Кездер-ай», «Арман», «Ұстазым», «Жан қызым», «Жеңешем» сияқты туындылары халық арасында кең таралған.

ҚР Мәдениет қайраткері Арман Дүйсенов өмірінің соңғы жылдары «Қазақ әуендері» АҚ «Гүлдер» филиалының директоры қызметін атқарған. 

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Еркеш Шәкеевке Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды

07.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Еркеш Шәкеевке Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды

Еркеш Шәкеевке Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды