Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Литвалықтар еліміздегі экотуризмге қызығып отыр

Мәдениет
Литвалықтар еліміздегі экотуризмге қызығып отыр

Жыл сайын Қазақстанға келетін туристердің қатары көбеюде. Мәселен, 2019 жылы елдегі қонақүйлерге 610 мың шетелдік турист түссе,  

2022 жылы 1 млн шетелдік қонақ келген.

Литвалық тарап Қазақстандағы экотуризм мен тау шаңғысы туризміне қызығып отыр. Сондай-ақ, біздегі eQonaq ақпараттық жүйесін өздерінде енгізуге ниетті.

Жалпы, туризм даму үшін елдер арасындағы қатынас пен байланыс орнықты болуы шарт. Қазақстан мен Литваның бірлескен мақсаты да осы жан жақты байланысты арттыра түсу,  сөйтіп туризмді екі жаққа да тиімді дамыту.  

Осы орайда, Қазақстандық тарап Вильнюстегі әріптестеріне Алматы қаласындағы «Шымбұлақ» таулы курортында Литваның туризм күндерін және Вильнюс қаласында Қазақстанның туризм күндерін өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің вице-министрлері Ержан Еркінбаев пен  Винцас Юргутис  (суретте) жұмыс кездесуінің хаттамасына қол қойды. Делегация құрамында Қазақстанның Литвадағы елшілігінің, МСМ Туризм индустриясы комитетінің, «Kazakh Tourism» ҰК «АҚ, сондай-ақ «Шымбұлақ» тау-кен курортының өкілдері болғанын айта кетейік.

Бұл топ осы жиынның алдында  Adventure23 халықаралық туристік көрмесіне қатысып,  Қазақстанның туризм саласындағы мүмкіндіктері мен болашағын баяндап берген болатын.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу