Министр Димаш Құдайбергенді жастарға үлгі етті

Бұл қасиеттердің барлығы «Дарын» сыйлығының иегерлеріне тән қасиеттер ғана емес, өсіп келе жатқан жастарға үлкен өнеге

Malim Админ

  • 22.12.2023

Бүгін Астанада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, сыйлықтың лауреаттары қатысты.

Іс-шараға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген министр "Дарын" жастар үшін ең маңызды марапат екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының соңғы жылдары жүргізіп жатқан ауқымды реформалары да осындай жастарымыздың ертеңі үшін жасалып жатыр. Болашақ Қазақстанның әлемдік аренада шын мәнінде өркениетті, зиялы да зайырлы, озық ойлы болуының бірден-бір кепілі де осы. Оның негізінде қарапайым, бірақ өте мағыналы бес талап жатыр: білімділік, еңбекқорлық, адалдық, жауапкершілік және кәсіпқойлық. Бұл қасиеттердің барлығы «Дарын» сыйлығының иегерлеріне тән қасиеттер ғана емес, өсіп келе жатқан жастарға үлкен өнеге. Бір ғана Димаш Құдайбергеннің мысалында Отанымызды, оның мәдениеті мен тілін төрткүл дүниеге паш етіп жүрген өнерпазды ғана емес, ішкі парасаты зор, адами тәлімі үлгі, жаны мейірбан азаматты көреміз. Сөз жоқ, бұл жастарға дұрыс бағыт көрсететін өнегелі жол», - деп атап өтті Аида Балаева.

Министрдің пікірінше, жастардың осындай жарқын өкілдері келер ұрпаққа үлгі боп, адал еңбек пен өзара сыйластық арқылы салауатты өмір салтын насихаттап, қоғамдық мәдениетті сақтауға, өзін-өзі дамытуға және ортада жағымды көзқарас қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды сақтауға ұйытқы болуы тиіс.

Биыл мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер 340-тан аса кандидатура ұсынды.

Оның ішінде "ғылым" бойынша -110, "Дизайн және бейнелеу өнері" -21, "Спорт" -27, "Театр және кино" -49, "Эстрада"-12, "Журналистика"-10, "Халық шығармашылығы"-28, "Шығармашылық бастамалар"-32, "Әдебиет"-28, "Классикалық музыка"-30 өтінім бар.

Еліміздегі жоғары жетістікке жеткен 19 жас «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. Лауреаттарға диплом, төсбелгі және ақшалай сыйлық берілді.

Байланысты жаналықтар

«Алғаш рет келуім...». Димаш Құдайберген Түркістанға барып таңғалды

14.08.2024

А. Балаева: Президенттің барлық ауқымды реформалары болашақ ұрпақтың қуатты іргетасына айналады

22.12.2023

«Дарын» жастар сыйлығын кімдер алды?

22.12.2023
MalimBlocks
«Алғаш рет келуім...». Димаш Құдайберген Түркістанға барып таңғалды

Елдің осындай әдемі шаһарда тұрып жатқанын, еңсесі көтеріліп жатқанын көргеніме қуанып отырмын деді әнші

А. Балаева: Президенттің барлық ауқымды реформалары болашақ ұрпақтың қуатты іргетасына айналады

«Дарын» жастар сыйлығын кімдер алды?

Жастар сыйлығы иегерлерінің тізімі жарияланды