Оразбек Сәрсенбаев: Қалмақан Әбдіқадыровтың әйелі салған әлек

Осы шошқаның баласы күйдіріп бітірді... Жазушы Оразбек Сәрсенбаевтың "Өмірнама" атты күнделігіндегі естеліктер топтамасын жариялауды жалғастырамыз. Бұған дейін қаламгердің Сәбит Мұқанов, Қуандық Шаңғытбаев, Әбіш Кекілбаевпен қарым-қатынасы туралы жазбасын ұсынған едік. Бұл жолы жазушы Қалмақан Әбдіқадыровтың өмірінің соңындағы жағдаяттар қаз қалпында баяндалады.

Malim Админ

  • 30.10.2022

22 мамыр 1958 жыл 

Қалмақан Әбдіқадыров ағайдың қаладағы үйіне бардым. Қалекең бүгін ауылдағы үйіне қайтқалы отыр екен.  Алматыға келгелі денсаулығы нашарлай бастапты. Кітаптарын реттеуге келген екен.

–Бір жылдан бері жазуды қойдым. Қалай жазарсың.  Үйімнің жартысы мұнда, жартысы анда. Бүтін семья жоқ. Бәрі мына қара қатыннан. Қызын оқытпай жүрген де, бәрін бүлдіруші де осы. Көңілімде тыныштық жоқ, – деп мұңын шағып отырды. 

Оқи отырыңыз: Оразбек Сәрсенбаев. Бодықовтың өкінішті өмірі   

Қалекең содан кейін менің көзімше әйеліне 2400 сом ақша ұсынып еді, әйелі бажыраңдап:

–Не күніме жарайды бұл?  Бүйткенше ештеңе бермей-ақ қой. Біз де аштан өлмеспіз! – деп ашу шақырды. 

–Мейлің, өзің біл,- деді Қалекең жайбарақат.

Қалекең бұдан соң ақшаны ішкі бөлмедегі қызына апарып ұсынып еді. Шешесі:  

–Алма! – деп бұл жақтан тұра ұмтылды.

Менің көзімше сыпайылық сақтаған болып, жазушының бәйбішесі ақырын сөйлеуге тырысады-ақ.  Бірақ зорға шыдап тұрғанын анық байқадым. Комедия әрі қарай жалғаса берді. Қалекең сыртқа қарай беттегенде, әйелі де ілесе шықты: 

–Қайда барасың, әй? Қаштың ба?! Он бес мың сом ақша алып, түк татырмақпысың?! Ешқайда жібермеймін!-деп шалының сумкасына жабысты. Мен алда келе жатыр едім. Сатыр-сұтырға төбелес пе екен деп артыма қарап едім: Қалекең сумкасын жұлқа тартып, әйелінің қолынан жұлып алды. «Әлі де біраз қуаты бар екен бұл шалдың»,- деп ойладым сол жерде. Былай ұзап шыға бере Қалекең маған қарап:  

–Осы шошқаның баласы күйдіріп бітірді... Ал, енді ауылға айтар сәлемің бар ма, бала? –деді.

Жүзінде ызалы күлкі бар еді.  Мен үндеген жоқпын.  Қатты қысылдым. Әрине, бәленің бәрі ана қара қатыннан шығар-ау. Есі бар кісі семьясын осынша тоздырар ма? Алматыны қойып, ауылға барса, қартайған шағында осы Қалекеңді, балаларын бағып, тыныш отырмас па? Міне, Қалекең сияқты жазушы адамның қазіргі ахуалы осындай. Мен бірде сөз арасында «Қажымұқанды» мақтап қойған едім.

Оқи отырыңыз: Оразбек Сәрсенбаев: «Мағауинмен ұзақ сырласып көрген жоқпын...»

– Қажымұқанның ішкі жан дүниесі жақсы ашылған екен,-дегенім есімде. 

– Солай ма? Маған көп хаттар келіп жатыр. Бәрі жақсы пікір айтады,-деп Қалекең қуанып қалғандай болған.

 – Ал сендердің достарың не айтады? Қазір жастар шетінен білгіш қой! – деген.

Шіркін, ақын, жазушы жаны-ай! Оқушысының адал пікіріне бұлар өте ынтық екен-ау деп ойлағанмын. 

Оқи отырыңыз:  Оразбек Сәрсенбаев: Шаңғытбаев өлеңің нашар екен деді

 Оразбек Сәрсенбаев:  Тәшенов, Мұқанов, Момышұлы, Қуанышбаев, Қожамқұлов туралы... 

Оразбек Сәрсенбаев: «Студенческий листок» газетінен шыққан реніш 

 

 

Байланысты жаналықтар

«Мұқанов Қонаевқа қарсы сөйледі». Совет үкіметінде тіл үшін күрес қалай жүрді?

10.02.2023

Айғайлап шақырдық. Жазушылар одағынан ешкім шықпай қойды

13.12.2021

Айдында жүзген ақ желкен

08.03.2021

Сатыбалды Нарымбетов. Жастармен жарысуға болады

07.03.2021

Сафуан Шаймерденовтің жары Бағдат апа дүниеден озды

06.03.2021
MalimBlocks
«Мұқанов Қонаевқа қарсы сөйледі». Совет үкіметінде тіл үшін күрес қалай жүрді?

Қазақтың тілі үшін күрестің сонау Патша үкіметі кезінен басталғанын білесіз бе? Оның басында тағы да Алаш арыстары тұр.

Айғайлап шақырдық. Жазушылар одағынан ешкім шықпай қойды

Желтоқсан фотосындағы тұмақ киіп тұрған жігіт бұрын-соңды сұхбат бермепті.  Malim.kz сайтына себебін айтты.

Айдында жүзген ақ желкен

Сатыбалды Нарымбетов. Жастармен жарысуға болады

Сафуан Шаймерденовтің жары Бағдат апа дүниеден озды