Оразбек Сәрсенбаев:  Тәшенов, Мұқанов, Момышұлы, Қуанышбаев, Қожамқұлов туралы... 

Ерекше мінезді, күрделі тұлға болып көрінеді

Malim Админ

  • 03.09.2022

25 сәуір, 1958 жыл 

Стадионға бардым. Жыл басынан бері штанга секциясына қатысып жүрген едім. Бүгін әбден шаршатты қызталақ тренер. Өзінің фамилиясы да қызық – Кох. Кешеден бері тұмау ма... басқа ма әйтеуір мазам болмай жүр. Басым ауырады. Әсіресе, бүгін, стадионнан келгеннен кейін, басым мең-зең болып, денем ысып, мұрным бітіп қалды. Лекцияда өте көңілсіз отырдым. Алматыға келгелі осылай көп ауырып жүрмін.  

Сағат 8-де университетте Қазақ ССР Жоғарғы Советі  Президиумының председателі Ж.А.Тәшеновпен кездесу өтті. Ол кісі сессия туралы айтты. Жалпы шешен сөйлейтін білімді басшы көрінеді. Алматыға келгелі көп кездесулер ішінде менің жадымда қалғаны – Бауыржан Момышұлы мен Сәбит Мұқановпен болған сұхбаттар. Бауыржан ағамыз әскери адамға тән тік мінезімен ерекшеленеді екен – бір нәрсе айтқанда тентектеу дөкір сөздерімен, батырға біткен келбетімен ұнаса, Сәбең өзінің балаға тән кіршіксіз ақкөңілділігімен, тыңдаушыларын бірден баурап әкететін қарапайымдылығымен танылды. Мен жалпы жазушылар арасынан осы Сәбеңді ерекше көремін. Қазіргі кейбір сыншылардың Мұқанов шығармаларына таңып жүрген кем-кетіктерін (кейде олар орынды болса да) пәлендей мойындағым келмейді. Хат танығалы бері осы Сәбеңнің шығармаларын оқығандықтан ба екен, осы тілге бай жазушының ұсақ нәрселердің өзін қызықты етіп суреттейтін шеберлігіне таңғалып жүремін... Жалпы, Сәбеңнің өзі де ерекше мінезді, күрделі тұлға болып көрінеді. 

Оқи отырыңыз: Оразбек Сәрсенбаев: «Шаңғытбаев өлеңің нашар екен» деді  

1 мамыр, 1958 жыл  

Бүгін күн тіпті ыстық болды. Сансызбай ерте тұрып парадқа кетті. Мен ешқайда шыққаным жоқ. Төсекте жатып, «С земли на луну»-ды оқи бердім. Сағат 4:30-да оқып бітірдім бұл кітапты. Тынымсыз оқыған соң ба, басым ауырды. Сансызбай келіп, біздің жатқан пәтерімізде болатын өз курстастарының ойын кешіне дайындыққа кірісті. Мен содан сыртқа шығып, әрлі-берлі жүріп, Тұтқабайды күттім. Ол 5:00-де келді. Екеуміз баудың көлеңкесінде біраз әңгімелесіп отырдық та, өзенге барып мұздай суға жуынып, сейілдеуге шықтық. Содан соң қазақ драма театрына барып, «Ақан сері - Ақтоқты» спектакліне билет сатып алып, әрі қарай кеттік. Қыдырып жүріп Үкімет үйінің алдындағы алаңға шықтық. Алматы жасыл желекке оранып, сыланып тұр екен. Шаттық күйін ойнаған музыка, әр түрлі плакат, ұрандар... Әрлі-берлі серуендеп жүрген көңілді адамдар... Қыз-жігіттер... Салқын самал... Қала үстінен төніп тұрған анау ақбасты Алатау... Қуаныш, құзыры мол бейбіт өмір... Сыңғырлаған күлкілер де естіледі. Басым жеңілдеп, көңілім недәуір көтерілгендей болды.  Шіркін, осынау тамаша кеште қасыңда сүйген жаныңның болмағаны өкініш екен. 

  • Сөзсіз, биылғы жазғы демалыста Т-ны осында алып келемін, - дедім өзімше бөсіңкіреп. Тұтқабай да «кәнизәк» турасында әңгімелер айтып келеді.   

Балалар паркіне барып, біраз қыдырдық. Содан соң театрға бардық. «Ақан сері - Ақтоқты» ұнады. Әсіресе, мылқау балуан роліндегі Қ.Қуанышбаевтың, Қоңқай роліндегі С.Қожамқұловтың ойындары әсерлі шықты.

Жалғасы бар.    

Байланысты жаналықтар

Сәкен Сәбит Мұқановты қалай тәрбиеледі?

15.08.2023

Шоқан туралы романды неге  Әуезов емес, Мұқанов жазған?

15.01.2023

Оразбек Сәрсенбаев: «Менің 3 өлеңімді оқып, біреуін де жаратпады...»

09.12.2022

Оразбек Сәрсенбаев: «Мұқан Иманжановтың пьесалары ұнаған жоқ...»

06.11.2022

Оразбек Сәрсенбаев. Бодықовтың өкінішті өмірі  

23.10.2022

Оразбек Сәрсенбаев: «Мағауинмен ұзақ сырласып көрген жоқпын...»

18.09.2022
MalimBlocks
Сәкен Сәбит Мұқановты қалай тәрбиеледі?

Жазушы Сәкенге әдейі сәлем беруге келіп тұрса да теріс айналып кетеді

Шоқан туралы романды неге  Әуезов емес, Мұқанов жазған?

Сәбитке келетін болсақ, меніңше, ол он тоғызыншы ғасыр жағдайын жеткілікті білмейтін секілді

Оразбек Сәрсенбаев: «Менің 3 өлеңімді оқып, біреуін де жаратпады...»

Әрине, оның айтқан кейбір ескертпелерінің жаны болғанымен, көбін мойындағаным жоқ

Оразбек Сәрсенбаев: «Мұқан Иманжановтың пьесалары ұнаған жоқ...»

Жазушылығы шамалы екен

Оразбек Сәрсенбаев. Бодықовтың өкінішті өмірі  

Бұл мінезі өзіне де талай зиянын тигізді

Оразбек Сәрсенбаев: «Мағауинмен ұзақ сырласып көрген жоқпын...»

Біраз әңгімелестік