Оразбек Сәрсенбаев: «Студенческий листок» газетінен шыққан реніш 

Бақыт Сейітжанов пен Әбіш Кекілбаев маған өкпе айтты

Malim Админ

  • 11.09.2022

6 мамыр, 1958 жыл 

Қ.Бекхожиннің «Ақан Ақтаев» поэмасын оқып шықтым. Ұнады. Газет-журнал қарамақ болып, университетке ертелеу келсек, «кабинет печати» жабық тұр екен. Оқу залына барып, сабақ басталғанша журналдар қарап отырдым. Лекция үстінде екі түймем үзіліп түсіп қалды...

7 мамыр, 1958 жыл 

Ауылға Сәруарға, Жанұзаққа жазған хаттарымды жібердім. Жанұзақ «Абдулхамидпен таныстыр»,-депті.  Адресін жазып жібердім.

«Қазақ әдебиетіне» - Ізтай Мәмбетовке бардым. Біраз кеңестер айтып, ақылымды көбейтіп жіберді. 

8 мамыр, 1958 жыл    

Азанда ерте тұрып, түннен қалған суық шайды іштім де, жатаққа бардым. Ондағылар да енді тұрып жатыр екен. Асханада ұзақ уақыт кезекте тұрып, Базарғали екеуміз тамақ іштік. Стадионға барсақ, біздің қыздар «Кошка-мышка» ойнап жатыр екен. Біз де кірісіп кеттік.

Оқи отырыңыз: Оразбек Сәрсенбаев:  Тәшенов, Мұқанов, Момышұлы, Қуанышбаев, Қожамқұлов туралы... 

Жұмыстан келген соң мен «Студенческий листок» газетін шығардым. «А» группасына да газет жазып бердім. Менің «суретшілік» және «ақындық» өнеріме жұрт біраз сүйсінді. Бұл менің Алматыға келгелі қоғамдық жұмысқа қолымның алғаш тигені еді. Суретке түстік. Фототілшіміз – Әуесбек (оңтүстіктің жігіті).  Лимонадтың босаған бөтелкелеріне резеңке түтікпен ағып жатқан суды толтырып, кейбіреулер су тасып мәз болысты. Мен бұл ойынға қатыса қойғаным жоқ. Сағат 4-те жұмыстан қайттық. Студент қыз Күләшқа: 

- Маған қыз тауып берсеңші,-дедім әзілдеп. 

- Қандайы керек саған,-деп күлді Күләш. 

- Бірінші сорт болмай-ақ қойсын, екінші сорты да жарайды,-дедім. 

- Жарайды. Биыл жазда, екінші курсқа өткенде, саған бірдеңе тауып берейін. Биыл оқуға семейден сұлу қыздар келеді...

- Мақұл. Бірақ, қыздың сұлу болуы бірінші шарт емес.

- Енді қандайын ұнатасың?

-Барынша нәзік болсын. Жасандылық емес, өзінің бойына біткен табиғи, мөлдір нәзіктік. Қуаныш, күйінішті қабылдағыш, сезімталдықты айтамын. Ұқтың ба? 

- Бірақ, ондай қыздардың біразы жеңілтек болушы еді,-деді Күләш. 

Біздің әңгімемізді тыңдап келе жатқан Лина:

- Оразбек, сен бүгін жатаққа келсейші,-деді. 

- Жатақта не бар,-деп сұрадым Линадан. 

- Әй, көктем шықты ғой! Бірге қыдырмаймыз ба?

- Мақұл, ойланайын,- дедім.   

Аяғым ауырып, шаршаңқырап қайтсам да, бұл жолы көңілім недәуір сергіп қалды. 

    Газет шығарғаны құрысын! Комсоргымыз Бақыт Сейітжанов пен студент Әбіш Кекілбаев маған өкпе айтты.  Олар әнеукүні менің «Листок» шығарып, онда Жәмішті орынсыз сынағанымды бетіме басты. «Мұның дұрыс емес» деді Сейітжанов. Сырт қарағанда, мен сол листокты қыздардың ықыласымен, Бақыттарға қарсы шығарған сияқтымын. Бірақ, листокты шығаруға ол қыздардың түк қатысы жоқ еді. Осы дәлелдерімді айтсам, Әбіш ділмарланып кетті. Әбіш бүгін жұмысқа бармаған. Осы кінәсін күні бұрын сезген ол деканнан қорқып, алдын ала өз басының қамын ойлап, біраз бүлінді. Бақыт менің шын қатемді – «Листокты» Жәміштің қолына беріп қоя бергенімді сынады. Шынында сол «Листокты» шығарғанда менде ешқандай бөтен пікір болған жоқ еді. Алғашқыда Әбіш пен Бақыттың сөздерін мойындамай, «қыртпаңдаршы» деуге дейін барсам да, ақыры бәсеңдедім. Бұларды ренжіткім келмеді. 

Фото: rgdb.ru 

Байланысты жаналықтар

«Халық жазушысы». Шатаққа толы атақ қайта оралды!

10.10.2023

Оразбек Сәрсенбаев: «Менің 3 өлеңімді оқып, біреуін де жаратпады...»

09.12.2022

Оразбек Сәрсенбаев: «Мұқан Иманжановтың пьесалары ұнаған жоқ...»

06.11.2022

Оразбек Сәрсенбаев. Бодықовтың өкінішті өмірі  

23.10.2022

Оразбек Сәрсенбаев: «Мағауинмен ұзақ сырласып көрген жоқпын...»

18.09.2022

Оразбек Сәрсенбаев:  Тәшенов, Мұқанов, Момышұлы, Қуанышбаев, Қожамқұлов туралы... 

03.09.2022
MalimBlocks
«Халық жазушысы». Шатаққа толы атақ қайта оралды!

Атақты Әбдіжәміл Нұрпейісов пен Әбіш Кекілбаев жойған ба?!

Оразбек Сәрсенбаев: «Менің 3 өлеңімді оқып, біреуін де жаратпады...»

Әрине, оның айтқан кейбір ескертпелерінің жаны болғанымен, көбін мойындағаным жоқ

Оразбек Сәрсенбаев: «Мұқан Иманжановтың пьесалары ұнаған жоқ...»

Жазушылығы шамалы екен

Оразбек Сәрсенбаев. Бодықовтың өкінішті өмірі  

Бұл мінезі өзіне де талай зиянын тигізді

Оразбек Сәрсенбаев: «Мағауинмен ұзақ сырласып көрген жоқпын...»

Біраз әңгімелестік

Оразбек Сәрсенбаев:  Тәшенов, Мұқанов, Момышұлы, Қуанышбаев, Қожамқұлов туралы... 

Ерекше мінезді, күрделі тұлға болып көрінеді