Қазақ әнін менсінбейтін мейрамхана қателігін мойындады

Алматылықтар байкот жариялаған

Malim Админ

  • 16.03.2023

Қазақша ән айтуға рұқсат бермей, ақыры алматылықтар байкот жариялаған мейрамхана әп сәтте ұстанымын өзгертті. Көпшіліктің сынына қалған «Пинта» парақшасын қазақ тілінде жүргізе бастады.


Кеше  желіде мейрамхана өкілдері мен әншілер арасындағы  әңгіме  тараған еді. Онда мейрамханада қазақша ән айтуға рұқсат жоқ екені жазылған. Егер меймандар қазақша ән сұраса, «репертуарда жоқ» деп айтуды немесе менеджерді шақыруды ұсынған.

Заң бойынша ресторан, кафе, барларда ас мәзірі, көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде болуы міндетті. Бірақ қазақша ән айтылсын деген талап болмаған.   «Пинта» заңды бұзбағанымен, алматылықтардың шамына тиген.

Желі қолданушылары  талап-тілегін орындатпай қоймады. Қазір мейрамхананың инстаграм парақшасы   мемлекеттік тілде дүркін-дүркін жаза бастады. Cонымен қатар, мейрамхана желісі екі тілде де қызмет көрсететіні туралы жазба жариялады.

«Құрметті достар, Пинта мейрамханалар желісі нарықта 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қонақпен және қызметкерлермен барлық ішкі және сыртқы байланыс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, атап айтқанда: мәзір, мейрамханадағы қызмет, жарнамалық құралдар, әлеуметтік желілердегі жариялымлар және оқыту құралдары. Әр жұма және сенбі күндері барлық мейрамханаларда музыкалық ойын-сауық бағдарламасы өткізіліп, онда қаланың үздік музыканттары мен dj-лері өнер көрсетіп, қазақ тіліндегі танымал әуендерді де орындайды»,-  дейді олар.  

 

Байланысты жаналықтар

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

06.05.2025
MalimBlocks
Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

Жиын барысында қыз баланың инабаттылығы, киімі мен жүріс-тұрысы туралы уағыз-насихат айтылған