«Қазақ тазысына» арнайы патент берілді

«Қазақ тазысы» тұқымының патенті Қазақстанның «Қансонар» қоғамдық бірлестігіне тиесілі

Malim Админ

  • 15.01.2025

Qazpatent ұлттық зияткерлік меншік институты Қазақ тазысының патентін алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Институт мәлімдеуінше, «Қансонар» қоғамдық бірлестігі 2013 жылы ресми тіркелген. Ұйым қазақ тазысы мен төбетті сақтап, көбейту және қоғам назарын осы тұқымдарға аудару міндетін атқарып келеді. 

Қазақ тазысы жергілікті еліміздің климатына бейімделген.

«Қансонар» мен генетика институты бірлесіп 2021-2023 жылдары ғылыми зерттеу жүргізді. Зерттеу нысаны қазақ тазысы болған. Қазақ тазысының генетикалық қорын бағалау және генетикалық профильдерін жасау мақсатында қауымдастық биоинформация мен гендік ерекшелігін екшеп, тазы тұқымының гендік параметрлерін анықтап, олардың жеке ДНҚ-профильдерін әзірледі.

Жалпы, селекциялық жетістікке патент беру жаңалық, айырмашылық, біртектілік және тұрақтылық критерийлеріне негізделеді. Патент арқылы берілетін құқықтық қорғау тұқымның сипаттамасында көрсетілген белгілер жиынтығымен анықталады.

Зерттеулер қазақ тазысының жоғары жүйке жүйесінің типологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің функционалды жағдайының тұрақтылығын зерттеді. Тазы тұқымының жүгіру кезіндегі ұшқырлығы мен тұрақтылығы жоғары жүйке жүйесінің функционалды жағдайымен байланысты екені байқалды. Қазақ тазысының жоғары жүйке жүйесінің ерекше тұрақтылығы оны басқа тұқымдардан айрықшалайды.

Жыл сайын «Қансонар» қауымдастығының барлық аймағындағы өкілдіктерінде қазақ тазысы тұқымының аймақтық, республикалық көрмелері өткізіледі. Бұл көрмелерде иттерді бағалау және стандартқа сәйкестігі туралы сарапшы қорытындылары беріледі.

«Қазақ тазысы» тұқымы жел мен нөсерге, аяз және ыстыққа төзімді.

Айта кету керек, 2023 жылдың 2 қаңтарында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тазысы мен төбетті мемлекет қорғауына алу туралы заңға қол қойған болатын.

Фото: Qazpatent

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік