Қазақстан музейлері қорында 4 млн-нан астам зат сақтаулы

Бүгін, 18 мамыр – Халықаралық музейлер күні

Мәди Саматұлы

  • 18.05.2024

Қазақстанда 275 музей жұмыс істеп тұр. Оның 16-сы республикалық, 15-і музей-қорық, 244-і өңірлік саналады. Жыл сайын оларға келушілер саны артып келеді. Мәселен, 2024 жылдың басынан бері миллионнан астам адам мәдени нысандарға барған, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің дерегінше, Қазақстанның алғашқы мемлекеттік музейі, еліміздегі музей ісінің қалыптасуына мұрындық болған – ҚР Орталық мемлекеттік музейі. Мұражай  Орталық Азиядағы ең көне және ең ірі музейлердің бірі болып саналады. Биыл музейдің ашылғанына  104 жыл толады, ал 95 жыл бұрын музей Алматыға көшірілген.

Қазір музейде мәдени-ағарту, экспозициялық-көрме, сақтау, ғылыми-зерттеу, реставрация, коллекционерлік, есепке алу, редакциялық-баспа қызметтері бар және халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып келеді. 

Орталық мемлекеттік музей қоры 273 611 сақтау бірлігін құрайды, оның 28 838-і ұлттық мәдени игілік тізіліміне енгізілген.

Айта кетейік, музей –  әрқашан адамзат тарихы мен мәдени мұраның сақтаушысы, өйткені олар үлкен ғылыми-ағартушылық, білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жалпы, Қазақстан музейлер қорында 4 000 000-нан астам музей заты бар, олардың 360 мыңы Ұлттық мәдени игілік объектілері қатарына енген.

Фото: ҚР Ұлттық музейі

Байланысты жаналықтар

«Ұлы Дала жауһарлары» Парижде көрсетіледі

02.11.2024

Алматыда зергер және ұста Естай Дәубаевтың көрмесі өтті

30.09.2024

Тоқаев Ұлттық музейдегі өнер туындылары көрмесін тамашалады

06.06.2024

Елімізде балаларды қорғау күніне орай мыңнан аса шара өтеді

01.06.2024

«Найзағай түсіп, жаңбыр жауады». «Қазгидромет» сенбіге болжамын жариялады

18.05.2024

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

16.05.2024
MalimBlocks
«Ұлы Дала жауһарлары» Парижде көрсетіледі

Көрме Ұлттық музей мен мемлекеттік қорық-музей коллекциясынан құралады

Алматыда зергер және ұста Естай Дәубаевтың көрмесі өтті

«Зердем – өнерімде» атты көрме салтанатты түрде ашылды

Тоқаев Ұлттық музейдегі өнер туындылары көрмесін тамашалады

Президентке әйгілі италиялық суретші Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» (La bella principessa) картинасының түпнұсқасы көрсетілді.

Елімізде балаларды қорғау күніне орай мыңнан аса шара өтеді

Орталық мемлекеттік музейде балалар музей лагері ашылады

«Найзағай түсіп, жаңбыр жауады». «Қазгидромет» сенбіге болжамын жариялады

Бірқатар өңірде өрт қаупі сақталады

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

Көрмеде қоғам қайраткерінің отбасынан алынған фотолар, архивтік құжаттар, еңбектері мен марапаттары, киімдері, жеке заттары, қолжазбалары, эскиздері қойылды.