Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлері президентке хат жазды

Арман Қайыпхан

  • 13.11.2024

Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Премьер-министр Олжас Бектеновке, Қазақстан парламенті Сенаты мен Мәжіліс депутаттарына хат жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Халық, мемлекет өзінің ұлттық мәдениетінсіз бола алмайды. Дәл осы мәдениет пен өнер арқылы ұлтты ерекшелендіріп тұратын,  болашақты құрып, алға сенімді жетелейтін рухани күш, ұлттық код ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді.

Кинематография - бүгінгі мәдениет пен өнердің маңызды бөлігінің бірі.

Кино - жастарды тәрбиелеуші, мемлекеттің идеологиясын жүргізу мен қоғамның мәдени және рухани құндылықтарын насихаттауда негізгі мықты құрал. 

Біз, Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлері осы хат арқылы отандық кинематография саласында қалыптасқан жағдайға қатты алаңдаушылық танытып отырмыз.

Соңғы жылдары кино саласында бітпейтін жанжалдар көбейіп кетті, атап айтқанда, кино өндірісіне жауапты орындарда бұл салаға қатысы жоқ бөгде адамдар отыр, жемқорлық жайлаған киноға бөлінген миллиардтаған теңге талан-таражға салынып, нағыз киногерлердің сөзін ешкім тыңдап жатқан жоқ.

Бұл саладағы деградацияны тоқтатпаса, жағдай қиындайтын түрі бар. Мұның бәрі бүкіл кино мамандардың алаңдаушылығын туғызды.

Мәдениет министрлігі қазақ киносындағы жағдайды реттемек түгілі, басын алып қашып отыр. Жауапты орындарға жазылған хаттар мен шағымдарға мәселені  еш зерттеместен бірсыдырғы жауаптар ғана беріледі.

Мәдениет саласына мәдениетті білетін басшы керек екені күн сайын сезілуде. Сол себепті біз, киногерлер отандық кино саласындағы қордаланған проблемаларды шешу жолдарын талап етіп, билікке қайрылуға мәжбүрміз.  

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Біз сізден Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына келіп, киногерлермен тікелей кездесу өткізуіңізді немесе наразы киноқауым өкілдерін қабылдауыңызды сұраймыз. Өзіңіз тікелей араласып, жағдайды жеке бақылауыңызға алмасаңыз, мәселе шешілмейтін сияқты. Біздің жанайқайымыз  жауапсыз қалмайды деп үміттенеміз. 

Асанәлі Әшімов, ҚР Еңбек Ері

Дулат Исабеков, ҚР Еңбек Ері

Н. Ықтымбаев, ҚР халық әртисі

Смағұл Елубай, ҚР халық жазушысы

Д. Жолжақсынов, ҚР халық әртисі

Т. Теменов, ҚР халық әртисі

Қанат Төребай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Фото: facebook/kazakhfilmstydios.kz

Байланысты жаналықтар

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

31.03.2025

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

31.03.2025

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

29.03.2025

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

28.03.2025

Қазақфильмді режиссер немесе актер емес, кәсіби менеджер басқаруға тиіс - Балаева

26.03.2025

Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті

25.03.2025
MalimBlocks
"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

"Назарбаев Университеті" президенті Ахмад Вакарға үкімет жанындағы құрылымнан лауазым беру туралы шешім қабылданды

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

29 наурызда Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді

Қазақфильмді режиссер немесе актер емес, кәсіби менеджер басқаруға тиіс - Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильм» киностудиясына қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді

Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті

Александр Лукашенко жетінші рет​​​​​​​ Беларусь президенті қызметіне кірісті