Қажыгелдин жастарға қалай үй берді? Көшербаев қалай көмектесті?

Берік Жанатханұлы

  • 10.07.2021

Болат Атабаев «Тілеуханұлымен сұхбат» бағдарламасына қонаққа келген еді. Режиссер тоқсаныншы жылдары өнердің қараусыз қалғанын айтты. Сол жылдар ыжас актерлердің қалай қиналғанын еске алған Атабаев Әкежан Қажыгелдин Бекжан Тұрыс, Ерлан Біләл, Ғани Құлжановқа үй алып бергенін жасырмады.

«Бұлар (Үкімет – Р.) театрды, бәрін сатып, құртты ғой. Қажыгелдин премьерліктен кетті. Кірейін десем, Қосанов деген кіргізбейді. көмекшісі болды ғой. Әрең дегенде кірдім. Асылбек Қожахметов кіргізді. Барып айғай салдым. «Тоқтаңыз, тоқтаңыз!» деді. Қазақша сөйледі деп ойладым. Бәрін айтты, не болғанын. Бірақ оның аргументтері маған аргумент болмады. «Сенбеймін», – дедім. «Ақша табу үшін істедіңдер», – дедім. «Бәрін ұстауға ақша жоқ», – дейді. Ғимараттарды ұстау керек. От жағу керек. Бірақ ештеңе жоқ. «Не істеймін?», – дейді. «Пәтер беріңіз. Актерлар театрдан кетейін деп жатыр», – дедім. «Тізім беріңіз?», – деді. Ал кімді берем? Ондайға дайындалмағанмын ғой. Алдыңғы үш адамның тізімін бердім. Олар кетейін деп жатқан. Ерлан Біләл. Ұлы да, қызы да сары аурумен аурып жатты сол кезде. Әйелі қызымен, өзі ұлымен жатты. Базарда жүрді. Ғани Құлжанов, Бекжан Тұрыс. Осы үшеуінің атын атадым. Үшеуіне ертесі отыз мың доллар әкеп берді. Театрға. Аналарға айттым: «Ақша келді, алып кетіңдер» деп. Ғани: «Аға, күлмеңізші, не сұмдық? Мазақтамаңыз», – деді. «Келші», – дедім. Келді. Бердім.

Бір басшымыз: «Ең болмағанда әрқайсысынан өзіңе екі мың доллардан алып қалмадың ба?», – дейді. Жақсы бопты. Қайыршы қайыршыдан жырымдап тұрайық сол. Олар пәтер сатып алды. Сөйтіп жандары аман қалды. Жастар, театрдың репуртуарын ұстап тұрғандар. Олар кетсе, қайта жұмыс істеуіміз керек. Бекжан сияқты әртістер театрдан кетсе, не болады? Қажыгелдиннің жақсылығы осындай болды.

Кейін мені Көшербаев шақырып алды. Мәдениет министрі еді. «Итке тастаған сүйек сияқты. Қайтесің оны? Қайтарып бер», – дейді. «Не хуйя!», – дедім. Тура осылай айттым. «Сен лақтыршы отыз мың. Жерге түсірмей қағып алайын», – дедім. «Храпуновқа айтып бердірем», – деді. Кейін бергізді. Дулыға үй алды. Көп адам алды.

Аналарға: «Ешкімге айтпаңдар», – дегем. Бірақ айтып қойыпты. Кешке театрдан шықсам, Құрманғазы оркестрінің мүшелері, театр әртістері мені далада күтіп жүр.  Бәрі бір ауыз сөз айтпақшы...» деп еске алды режиссер.

Қазір де өнер анау айтарлықтай үкімет бағалы емес. Бірақ өсіп келе жатқан жастар бар. Болат Атабаев сол жастарға көмектескісі келеді. Білетінін үйретпек.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Жаңа Алаш» ютуб арнасынан көре аласыздар

Байланысты жаналықтар

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

29.04.2025

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

24.04.2025

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

24.04.2025

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

23.04.2025

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

17.04.2025

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025
MalimBlocks
Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

"Алаш" халықаралық әдеби сыйлығы Қазақстан Жазушылар одағы басқарамасы Секретариатының шешімімен жыл сайын табысталатын марапат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

Ол республикалық "Қазақстан" газетінің бас редакторы болған

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

Еліміздің 100 суретшісінің танымал еңбектерін арнайы шығарып, барлық мектептерге тарату қолға алынса құба құп

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады