Қыздар төбелесті. Шенеуніктер таяқ жеді

Malim Админ

  • 25.09.2020

Ақтөбеде облысында оқушы қыздар төбелескен  Кеңқияқ, Сарыкөл және Шұбаршы ауылының мектеп директорлары оқиғадан кейін қызметтерінен босатылған. Алайда облыстық білім басқармасындағылар директорлардың жұмыстан кетуі негізсіз дейді. Сөздерінше қыздардың төбелесінен кейін жағдайды зерттеген аудандық  білім бөлімі, прокуратура мен Ішкі істер бөлімінің мобильдік тобы дұрыс шешім шығармаған дейді. Оқушы қыздардың шаш жұлып, төбелесуіне мектеп директорлардың жазығы жоқ деген білім басқармасындағылар үш мектептің де басшысын орындарына қайта тағайындап, қателескен Темір аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жариялапты. Ал оқушы қыздар мен ата-аналарына қатысты қолданылатын жаза тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады деп отыр. Естеріңізге салсақ, осыдан бес күн бұрын Кеңқияқ ауылында, тапа тал түсте 8,9,10-сыныпта оқитын он қыз төбелескен болатын. Сол кезде оқушы қыздардың төбелесі ватсаптағы чаттан басталғанын және бір-бірінің сөзін көтере алмаған оқушылар мәселені кездесіп шешпек болғаны айтылған еді.

«Оқиғаның мән жайын анықтау барысында директорларды орнынан босатудың негізсіз екенін анықтап отырмыз. Сондықтан да қазіргі таңда аталған директорлардың бәрі өз орындарына қайта тағайындалды. Аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс берілді. Алдағы аптадан бастап, Темір ауданындағы білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының ұйымдастырылуына кешенді түрде зерделеу жұмыстары жүргілетін болады», - деді Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Жанар Қожанова,

Ақтөбе облысы

Байланысты жаналықтар

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

09.05.2025

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары 2,3 млн теңге көлемінде пара алған

05.05.2025

«Қаражат жинау мәселесі тоқтамай тұр». Шымкенттегі мектеп директорларына ескерту жасалды

30.04.2025

Қызғалдақ дауы: тағы бір әкім жазалануы мүмкін

23.04.2025

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025
MalimBlocks
Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары 2,3 млн теңге көлемінде пара алған

«Қаражат жинау мәселесі тоқтамай тұр». Шымкенттегі мектеп директорларына ескерту жасалды

Қызғалдақ дауы: тағы бір әкім жазалануы мүмкін

Ақтөбе облысында ауыл әкімі қызғалдақ ұстап түскен суретінен кейін басы дауға қалды. Суретті Ляззат Бердыбаева әлеуметтік желілерде жариялаған

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты