Тамыз кеңесі. Ата-ана мен оқушы тең дамуға тиіс

Malim Админ

  • 25.08.2023

Биылғы дәстүрлі тамыз кеңесі білім саласындағы бірқатар мәселені көпшілік талқысына шығарды.  Соның бірі – балаға мектепте, отбасында берілетін тәлім-тәрбие, ата-ананың тигізер әсер-ықпалы. Сонымен қатар, ата-аналарды қолдау бағытында орталықтар ұйымдастыру ісі де жолға қойылмақ. Яғни, осы бастамалардың бәрі де Астана қаласында  көтерілген «жайлы ахуал қалыптастыру»  тақырыптық бағытында қамтылды.

Елордадағы салтанатты жиынды қала әкімі Ж.Қасымбек ашып берді. «Жaңa oқy жылының бaстaлyынa сaнayлы күндep қaлды. Бұл oқyшылap мeн aтa-aнaлap үшiн дe, сoл сeкiлдi ұстaздap үшiн дe epeкшe кeзeң. Бүгiн мұғaлiмдepдiң дәстүpлi тaмыз кoнфepeнциясын өткiздiк. Қaлaдa үш ayысымды жәнe шaмaдaн тыс жүктeмeсi бap мeктeптep әлi дe жoқ eмeс. Дeгeнмeн бiз бұл мәсeлeнi шeшy үстiндeмiз. Eлopдaдa 14 мeктeп сaлынып жaтыp, oның 11-iн aлдaғы oқy жылындa тaпсыpaмыз. Oлapдың үшeyi 1 қыpкүйeктe eсiгiн aйқapa aшaды. Сoнымeн қaтap, Мeмлeкeт бaсшысының тaпсыpмaсы бoйыншa жaйлы мeктeптepдiң құpылысы қaтap бaстaлды. Oсы ұлттық жoбa бoйыншa 2024-2025 жылдapы 24 жaйлы мeктeп сaлынaды. Жaңa үлгiдeгi бiлiм oшaқтapы eкi ayысымдa 90 мыңғa жyық oқyшы opнын құpyғa мүмкiндiк бepeдi», - дeдi Жeңiс Қaсымбeк.  

Көп жағдайда оқушының әдеп-дағдылары, тәртібі, білім көрсеткіші жайында сөз бола қалса, ата-аналар мұғалімдерді жауапкер қылуға әзір тұратыны бар. Бұл ретте оқушыны тәрбиелеп отырған жақын жандары да тағылым беруі қажет.  Осыны ескерген Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы осы жылдан бастап мектептерде тәрбие ісі жолға қойылатынын  жеткізді.   Биылғы оқу маусымында білім мекемелерінде арнайы орталықтар жұмыс істей бастайды. Мекемелер педагогикалық қолдау бағытында. 

Мұндағы негізгі мақсат  – шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытуда мектеп пен  отбасы арасындағы байланысты дамыту.  Сонымен қатар,  оқушыны тәрбиемен сусындатып отырған ата-аналардың әдебі, әдеті һәм мәдениетін көтеруді көздейді. Осы қыркүйек айынан бастап  алдағы екі жылға жоспарланған   біртұтас тәрбие беруге арналған  жоба жүзеге асырылады. Министрдің пікірінше, аталмыш бағдарлама  әлемдік  және ұлттық бағытта    жас өрендерді тәрбиелейді.    Өскелең ұрпақты жан-жақты дамытуға Президент пәрмен берген  «Балалар кітапханасы» жобасы да серпін бермек.    Соның аясында  мектептегі  кітапханалардың қоры   толықтырылады.   Өзіміздің  және әлемдік деңгейдегі әдебиеттер  жинақталып, оқушылардың игілігіне  беріледі.  Осылайша,  шәкірттерге   ұлттық салт-дәстүр   негізінде  тәлім беру,   кітап әлеміне деген  ынта-ықыласын арттыру жоспарланған.

Оқушылардың ойының озық, білімінің кемел болуы үшін нақты бағдар беретін ұлттық концепцияның болуы да маңызды.   Елорда әкімінің орынбасары Есет Байкенның айтуынша, бүлдіршіндерді хакім Абайдың «Толық адам» іліміне сүйеніп, оқытуды қолға алған жөн.  Аталмыш ілім шәкірттердің интеллектуалдық қабілетімен қатар, мотивациясын, білім алуға деген жауапкершілігін дамытады.  Спикерлер  осы бағытты барлық мектепке енгізуді  құптайды.         

Байланысты жаналықтар

Қазақстандықтар бүгін Ұстаздар күнін атап өтіп жатыр

05.10.2024

Қазақстанда алғаш рет студенттер арасындағы Enactus World Cup өтуде

03.10.2024

«Болашақ» стипендиаттарына қанша қаржы бөлінді?

23.09.2024

Қазығұртта оқушылар мектептің дәлізінде оқып жатыр

20.09.2024

Алматыда алғашқы «Жайлы мектеп» ашылды

02.09.2024

Елімізде 1 қыркүйекте 70 жаңа мектеп ашылды

01.09.2024
MalimBlocks
Қазақстандықтар бүгін Ұстаздар күнін атап өтіп жатыр

Елімізде еңбек өтілі 30 жылдан асқан 5 мың мұғалім бар

Қазақстанда алғаш рет студенттер арасындағы Enactus World Cup өтуде

«Болашақ» стипендиаттарына қанша қаржы бөлінді?

Бағдарлама бойынша 939 қазақстандық білім алып жатыр

Қазығұртта оқушылар мектептің дәлізінде оқып жатыр

Мәселенің шешілмей келе жатқанына 6 жыл болған

Алматыда алғашқы «Жайлы мектеп» ашылды

Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті кедергісіз орта, балалар шығармашылығын дамытуға арналған аймақтар қарастырылған

Елімізде 1 қыркүйекте 70 жаңа мектеп ашылды

Олар 90 мыңға жуық оқушыға есептелген