Теңге ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

Malim Админ

  • 26.04.2023

Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылындағы №14 жалпы білім беретін мектепке 22 жылдан кейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Тозығы жеткен білім ордасын жаңарту үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд 50 миллион теңге бөлінді. Мектеп басшысы Гүлзада Қайнарбаеваның айтуынша, жөндеу жұмыстарына дайындық өткен жылдың тамыз айынан басталған. Білім ошағының қабырғасы, едені мен терезесі, есігінен бастап оқушыларға арналған парталар мен тақталар да жаңартылған.

-Біздің мектепке 2000 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. Ата-аналар мен оқушылар тарапынан ешқандай шағым болмаса да заман талабына сай жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, соңғы үлгідегі мектептер санатына қосуды жөн көрдік. Оқушылар үшін ең маңыздысы сапалы білім мен ыңғайлы мектеп. Сондықтан, таза, жарық әрі жайлы оқу ордасы әрбір баланың білім алуға деген  ынтасын арттыра түсері анық, - деді Гүлзада Қайнарбаева.

№14 жалпы білім беретін мектепте 871 оқушы білім алып жатыр. Тәртіпті, зерделі әрі алғыр өрендер оқу ордасының жаңарғанына дән риза. Биылғы мектеп түлегі Сәуле Түгелбаева ризашылығы мен қуанышын жасырмады.

-Кез келген оқушының жетістіктерге жетуіне ұстаз ғана емес, ыңғайлы, қолайлы мектеп те ықпалдасады. Мұндай көз тартарлық мектеп әрқайсымызға ерекше жігер мен талпыныс сыйлайды. Ішкі әдемілік пен сыртқы тартымдылық үйлесім табатыны анық. Мектептегі оқу деңгейі қаншалықты жоғары болса, сыртқы көрінісі де соған сай деңгейде болғаны дұрыс деп ойлаймын, - деді Сәуле Түгелбаева.

Байланысты жаналықтар

Атыраулық 14 жастағы дзюдошы "Балқадиша" әнін айтып, Казнетті тәнті етті

22.05.2025

Дженнифер Лопес Алматыға келеді

21.05.2025

Атырауда «Күн» инклюзивті театры ашылды

20.05.2025

Сац атындағы театр Оқушылар сарайында спектакль қойды

20.05.2025

Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады

20.05.2025

Оқушылар жазда мұражайлар мен театрларға тегін кіре алады

20.05.2025
MalimBlocks
Атыраулық 14 жастағы дзюдошы "Балқадиша" әнін айтып, Казнетті тәнті етті

Дженнифер Лопес Алматыға келеді

Атырауда «Күн» инклюзивті театры ашылды

Сац атындағы театр Оқушылар сарайында спектакль қойды

Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады

Оқушылар жазда мұражайлар мен театрларға тегін кіре алады