ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖОЛДАМАСЫ КАРАТЭШІ ЮЛДАШЕВ ПЕН БЕРУЛЬЦЕВАҒА БҰЙЫРДЫ

Айбек Ережеп

  • 16.06.2021

ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖОЛДАМАСЫ КАРАТЭШІ ЮЛДАШЕВ ПЕН БЕРУЛЬЦЕВАҒА БҰЙЫРДЫ

Халықаралық карате федерациясы (WKF) Олимпиадалық рейтинг бойынша Токио Олимпиадасына жолдама алған спортшылар тізімін жариялады. Оған сәйкес, Шымкент қаласының каратэшілері тағы екі Олимпиада лицензиясын иеленді. 
«D-3» біліктілігі бойынша халықаралық рейтингке сәйкес, Данияр Юлдашев Олимпиада лицензиясына ие болып, Азия өңірінде ең жоғары нәтиже көрсеткен үздік каратэші атанды. 

Сондай-ақ, тағы бір жерлесіміз Софья Берульцева (+75 келі) да халықаралық рейтингке сәйкес, құрлықтық жолдамаға ие болды. Айта кетерлігі, каратэден Қазақстан құрамасынан Токио Олимпиадасына бес жолдама бар. Осыған дейін Дархан Асаділов рейтингте қарсыласынан 1000 ұпай алда болғандықтан мерзімінен бұрын Олимпиада лицензиясына иелік етті. 

Данияр Юлдашев - каратэ спорт түрінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2017 жылы Астанада өткен  ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2018 жылы Испанияда өткен «Премьер Лига» Халықаралық турнирінің күміс жүлдегері.
Софья Берульцева - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Сонымен, Шымкент қаласының қоржынындағы Олимпиада жолдамаларының саны 10-ға жетті. Оның иегерлері:
Стенд ату - Сәрсенкүл Рысбекова, Кравченко Зоя
Оқ ату - Юрий Юрков
Бокс - Закир Сафиуллин
Қаратэ - Дархан Асаділов, Данияр Юлдашев, Софья Берульцева.
Байдаркада есу - Сергей және Тимофей Емельяновтар
Көркем гимнастика - Алина Әділханова

Байланысты жаналықтар

Путин қазақстандықтарды марапаттап жатыр 

28.03.2023

Жазылмай қалған жазбалар мен күнделіктер

27.03.2023

Абайдың кешін алғаш өткізген Құлжановты атқызған кімдер? 

26.03.2023

Наурыз мереке емес.  «Мейрам» сөзінің мәнін білеміз бе?   

20.03.2023

Қазақ әнін менсінбейтін мейрамхана қателігін мойындады

16.03.2023

Көрісу күні аймақтарда қалай өтеді? 

14.03.2023
MalimBlocks
Путин қазақстандықтарды марапаттап жатыр 

Олардың ішінде Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов бар

Жазылмай қалған жазбалар мен күнделіктер

Жазылмай қалған жазбалар мен күнделіктердің тағдырына не себеп? 30 беттен асатын «Жапония күнделіктері» неге жазылмады?

Абайдың кешін алғаш өткізген Құлжановты атқызған кімдер? 

«Нұрғалиді атқыз» – деп Әлекең айтқан жоқ

Наурыз мереке емес.  «Мейрам» сөзінің мәнін білеміз бе?   

Әсілінде екеуі екі бөлек нәрсе

Қазақ әнін менсінбейтін мейрамхана қателігін мойындады

Алматылықтар байкот жариялаған

Көрісу күні аймақтарда қалай өтеді? 

Жергілікті жұрт көктемнің шыққан-шықпағанын осы амалдың қалай кіруінен-ақ байқаған