Тоқаев: Федоров пен Никоновқа жауап

Malim Админ

  • 05.01.2021

Оқи отырыңыз: Біз енді орыстар жазған тарихты оқымаймыз

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген мақаласы жарық көрді. Тоқаев бұл мақаласында ұлттық ұстанымдар мен тарихқа, тәуелсіздіктің ендігі он жылдығында атқарылуы тиіс идеологиялық жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар соңғы кездерде жиі айтылып кеткен шекара мәселесіне тоқталды.

Оқи отырыңыздар: Ресейдің Қазақстанға саясаты өзгерді

«Шекара сызығын ресми түрде халықаралық шартпен бекітіп, оны әлем жұртының мойындауы соңғы бірнеше ғасырда үрдіске айналды. Оған дейін қазіргідей делимитация, демаркация деген ұғымдар болмаған.

Біз шекара мәселесін шешумен нақты айналысып жатқан кезде кейбір саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «біз бұған асықпайық», «кейін де келісуге болады» деп арқаны кеңге салғысы келгені есімізде. Келіссөздерді табандылықпен жүргізіп, іргемізді дереу қымтап алғанымыз өте дұрыс болғанын уақыттың өзі дәлелдеп берді. Қазір кім не айтса да, біздің екіжақты келісімдермен бекітіліп, халықаралық деңгейде танылған шекарамыз бар. Енді оған ешкім дауласа алмайды», - деді президент.

Осыған дейін шекара мәселесіне байланысты Мәлім.кз сайты бірнеше мәселе көтеріп, саясаттанушылар мен тарихшылар пікірін үздіксіз жариялап отырды.

Оқи отырыңыз: Құл-Мұхаммед пен Шораев орыс, ал Федоров қазақ екен

«Аумақтық тұтастығымызға күмән келтіріп, тату көршілік қатынастарға сына қаққысы келетін кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-әрекеттеріне ресми және қоғамдық деңгейде тойтарыс бере отырып, ағартушылық жұмыстарын ұстамдылықпен жүргізген жөн. Біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажеттігін тағы да баса айтқым келеді.   

Жоғарыда айтқанымдай, шекарамыз толығымен шегенделді. 2018 жылы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылғаннан кейін құрлықтағы ғана емес, теңіздегі шекарамыз да біржола айқындалып, түпкілікті шешілді», - деді Тоқаев.

Бұл Ресей Думасының депутаттары Никонов Федоровқа тікелей айтылған жауап болды деп ойлаймыз.

Оқи отырыңыздар: “Путиннің ұстанымын айттым. Қазаққа жерді сыйға бердік”

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

14.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Зеленский Анкараға жетті

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз