Уәлибек Әбдірайымов киноға түсуге неліктен келісім бергенін айтты
Ол қазір «Кеттік, бәрін таста» фильміне түсіп жатыр.
«Шаншар» әзіл-сықақ театрының басшысы Уәлибек Әбдірайымов бұған дейін неліктен киноға түспей келгенін түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.
Бүгінде танымал әзілкеш «Кеттік, бәрін таста» деп аталатын толықметражды фильмге түсіп жатыр. Ол «Revue News» бағдарламасына берген сұхбатына кино саласына қалай бет бұрғанын айтты.
Көптеген кинодан өзім қорықтым. Өйткені кино актері емеспін. Сценарийлерге де жауап бере алмадым. Себебі ол жердің талабы бөлек. Өзімді камераға ойнайтын актер емеспін деп ойладым. Бірақ бұл ойымнан айнып қалдым. Соңғы шығып жатқан киноларды қарап жүрдім. Жастар керемет леп алып келді, - деді «Шаншар» театрының жұлдызы.
Фото: okg.kz