Вирус жұқтырған дәрігерлерге Тоқаев араша түсе ме?

Алмас НҮСІП

  • 14.04.2020

Бүгін Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухананың тағы 110 қызметкерінен коронавирус табылғаны анықталды. Мұны қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады. Сөйтіп, бұл ауруханада COVID-19-ды жұқтырған қызметкерлер саны 147 адамға жетті

Кешелі бері жұрттың назарын аударған Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлері президент Тоқаевтан араша сұрады. Бұл туралы Malim.kz хабарлайды.

Аурухана қызметкерлері президентке ашық хат жолдап, ол Facebook арқылы жарияланды. Хатта аурухана қызметкерлерінің карантин талаптарын сақтамауы туралы БАҚ таратып жатқан ақпараттар мен қалалық СЭС тарапынан тағылған айыптаулар жалған екені айтылады.

«КВИ тарала бастаған кезде-ақ Алматы қ. Қоғамдық денсаулық басқармасы мен клиника әкімшілігі бізге белсенді түрде КВИ-дің алдын алу бойынша оқу-жаттығулар мен тренингтер өткізді, қор қадағалынп отырды, дезинфекциялық және жеке қорғаныш заттарымен қамтамасыз етілді», деп сөз бастаған дәрігерлер карантиндік шаралардың күшейтілгенін: күніне 10 мәрте маска ауыстырып кигендерін, қабылдау бөлімдерінде бөлек кіріп-шығуға жағдай жасалғанын, шұғыл қызмет өкілдерінің арнайы костюммен жүргенін, т.б. айтады.

«Әр қаралуға келген емделушінің вирус таратушы болуы мүмкін» екенін айтқан қызметкерлер әлемде таралып жатқан пандемияны жұқтырып алу қаупін толықтай жоққа шығару мүмкін емесін айта келіп, Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат МОЛДАҒАСЫМОВАНЫҢ инфекция жұқтыруға сақтық шараларын сақтамаған дәрігерлердің өздері де кінәлі деген мәлімдемесінің жала екенін жазады.

«Басқа – басқа, дәрігерлер КВИ қаупі мен сақтық шараларын жақсы біледі. Әлемде пандемия болып жатыр, қаншама медицина қызметкерлері ауру жұқтырды, бұл жерде басшылық пен дәрігерлердің, сақтық шараларының не қатысы бар?

СЭС қызметкерлері бізді тексеріп кеткен соң оларда КВИ анықталғанын білеміз. Солай бола тұра, бізге бұл туралы ешкім айтқан жоқ, кейін білдік. Бәлкім вирус таратушы солардың өзі шығар? Олармен байланыста болған адам ретінде ешкім тексерген жоқ. Айзат Молдағасымова ханым бізге қылмыстық жауапкершілік туралы айтып қорқытады, ал өзі жеке басының абыройы үшін фактіні жасырады!»

Қазір карантинге жабылған клиника қызметкерлерінің бәрі анализ тапсырған, енді қорытындысын күтіп отыр. Және президенттің қорғауын, қолдауын күтеді.

Бұл ашық хат жазылған соң желіде 12 аурухананың Дидар есімді тавмотолог-дәрігерінің видеосы жарияланды. Видеода Дидар 11 сәуір күнгі тексеру нәтижесінже 56 дәрігерден вирус шыққан.

«11-інен 13-іне дейін 3 күн бойы бұлармен біздің әріптестеріміз байланыста болды. Ешқайсысын оқшаулаған жоқ. Бөлмеде 4 мед.қызметкерден жатқызылды. Олар дәлізге еркін шығып жүрді, бір-бірімен байланыс жасады. «Көктем» санаториясына оқшауланған біздің арамыздағы әр үшінші адамнан вирус анықталып отыр. Біздің әкімшілік, бас дәрігер Алмас Болатұлын оны нашар басшы деп айта алмаймын, бірақ, біздің анализ қорытындысын үш күн бойы күткеніміз, бір бірімізбен байланыста болғанымыз үшін кім кінәлі екенін анықтау қажет», - дейді травмотолог-дәрігер.

Дидардың айтуынша, аурухана дәрігерлері вирусты науқастардан жұқтырған. Өйткені, қорғаныш құралдарымен толық қамтамасыз етілмеген. «Дәрігерлерідің өзі вирус таратушыға айналып отыр» деген дәрігер өзге аудандардағы әріптестерінің жағдайы да осындай екенін айтады.

Айта кету керек, ашық хатқа 370 қызметкер қол қойған.

Байланысты жаналықтар

Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды

09.11.2023

Түркі мемлекеттерінің ұйымы бірқатар мәселеге басымдық бермек

03.11.2023

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

28.10.2023

Е.Досаевтың Қ.Тоқаевқа айтқан қауіпсіз жерлерін алматылықтар білмейді

13.10.2023

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

20.07.2023

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

12.07.2023
MalimBlocks
Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды

Бүгін Қостанайда «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды.

Түркі мемлекеттерінің ұйымы бірқатар мәселеге басымдық бермек

«Түркі әлемі» атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоғамдық қоры Ұлыбритания үкіметінің қаржылай қолдауымен «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы жүзеге аса бастады.

Е.Досаевтың Қ.Тоқаевқа айтқан қауіпсіз жерлерін алматылықтар білмейді

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, жұмысына есеп берді. Атқарылған жұмыстардың ішінде ол  «Алматыда төтенше жағдай кезінде көпшілік жиналатын 545 қауіпсіз орын бар» деп мәлімдепті. 

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

Шығыс Қазақстан облысы Тоқаевты мадақтайтын бейнероликке 5,2 миллион теңге жұмсаған.

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

Путиннен кейін орыс «көке» болмайды