«Ханзада Жумонг» тарихи фильмде қазақ кейіпкерін сомдауға дайын екенін мәлімдеді

Кореялық актер Қазақстанның мәдениеті мен жерінің көлеміне тәнті болған.

Сабина Асқарқызы

  • 17.06.2024

Жақында елімізге Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль ресми сапармен келді. Осы сапар аясында екі ел өнерпаздарының гала-концертін «Ханзада Жумонг» рөлімен танымал актер Сон Иль Гук жүргізген болатын. Қазақ тілді көрерменнің жүрегінен орын алған актер бірлесіп тарихи фильм түсіруді құптайтынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Осыған дейін келгенде де, бұл жолы да уақыт өте тапшы болды. Сондықтан Қазақстан туралы көп мәлімет ала алмадым, өз көзіммен көре алмадым. Бірақ келердің алдында көп ақпарат оқып, мәдениеті мен табиғаты туралы, туристік орындары туралы бірталай іздендім. Алматының іргесіндегі Шымбұлақта шаңғы тепкім келіп еді. Бұл жолы да уақыт кестемнің тығыздығына байланысты ойға алғанымды іске асыра алмай кетіп бара жатқаным өте өкінішті, - деді актер ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Бұл ретте актер алдағы уақытта Шымбұлаққа балаларымен бірге турист ретінде келіп, демалуы мүмкін екенін айтты. Сонымен бірге актер Қазақстан мен Корея бірлесіп кино түсірсе қазақ кейіпкерін сомдауға дайын екенін мәлімдеді.

Ондай ұсыныс келсе, мен үшін зор құрмет болатын еді. Біздің мәдениеттеріміз ұқсайтын болғандықтан, ондай рөлді жақсы сомдап шығуға дайын болар едім. Жалғыз проблема тіл кедергісі шығар. Тілдегі алшақтық қиындық туғызбаса, қазақ кейіпкерін ойнау, әсіресе тарихи фильмге түсу менің қолымнан келетін еді деп ойлаймын. Кореяда адам саны көп болғанымен, Қазақстанға қарағанда жері шағын. Бос жер жоқ деуге болады. Қайда барсаң да ғимаратқа толы. Сол үшін бізде тарихи фильмдер түсіретін орын тапшы. Ал мұнда жер кең, сәйкесінше, локация көп. Тау керек пе, орман керек пе, шөл керек пе, көл керек пе – бәрі бар. Соны байқап осындай тарихи фильм түсірсе ғой деген ойға қалдым. Әрине, Қазақстан режисерлерінен ұсыныс алғаным жақсы ғой, бірақ кореялық түсіру тобы Қазақстан жеріне келіп, кино түсірсе қалай болар еді деген оймен кетіп барамын. Бұл – нақты жоспар емес. Осы жолғы сапарда санамда осындай бір ой жылт етті", - деді Сон Иль Гук.

Одан бөлек, "Ханзада Жумонг" қазақтың ұлттық тамағы "бешбармақты" ұнатқанын айтты. Енді ол лағманды жеп көргісі келеді екен.

Оның дәмі ерекше деп көп естідім. Қазақстан қой етін дәмдеп ұсына алатын ел ретінде танымал болғандықтан, осы жердің кәуабын бір асықпай отырып жегім келеді. Шымбұлаққа балаларымды ертіп келіп жатсам, үшеміме сол қазақ кәуабының дәмін татқызғым келеді, - деді актер.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Үндістанда алаяқ студенттерді Қазақстандағы оқу орнына түсіріп беремін деп алдаған

13.04.2025

Қазақстанда жаңа 4 су қоймасы салынады

11.04.2025

Әйкерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

08.04.2025

«Арам пиғылын алдын ала жоспарлады»: Шәріп Серіктің анасы мәлімдеме жасады

08.04.2025
MalimBlocks
Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Үндістанда алаяқ студенттерді Қазақстандағы оқу орнына түсіріп беремін деп алдаған

Алданғандар 12 миллион теңге төлеген

Қазақстанда жаңа 4 су қоймасы салынады

Жобада Астана су қоймасын толықтыру жөніндегі жұмыс, 4 жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын реконструкциялау, 115 арнаны реконструкциялау және күрделі жөндеу көзделген

Әйкерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

Ол Нұрлан Әлімжанмен вальс билеген видеосын жариялады.

«Арам пиғылын алдын ала жоспарлады»: Шәріп Серіктің анасы мәлімдеме жасады

Ол бойжеткеннің болған оқиғадан соң неліктен араға екі ай салып арызданғанын түсінбейтінін айтты.