Жаңаөзен қаласының 50 оқушысы «IQanat» мектебінде оқиды

Жобаға қатысушылар өз білімдерін жетілдіріп қана қоймай, келешек даму үшін қажетті дағдыларды меңгереді

Malim Админ

  • 22.08.2022

Биыл Жаңаөзен қаласының 10- сыныптағы 50 оқушысына арналған алғашқы қоңырау үні, «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен, «IQanat High School of Burabay» мектеп-пансионатында соғылады. Оқушылар мұнда жазғы демалыс уақытын босқа жібермей, тестілеуден өтті. Математика, сыни және кеңістіктіктегі ойлаудан тұратын 3 кезең Жаңаөзен қаласынан 858 оқушыны қамтыды.

Еліміздің үздік мектептерінің бірінде Жаңаөзен қаласының оқушыларының білім алу мүмкіндігі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдауымен жүзеге асуда.

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан іріктеуден өткен 50 оқушыға арналған оқу гранттарын «Samruk-Kazyna Trust» қоры төледі. Гранттар оқуға, жол жүруге және қажетті мектеп киімін алуға байланысты шығындарды жабады.

Жобаға қатысушылар өз білімдерін жетілдіріп қана қоймай, келешек даму үшін қажетті дағдыларды - сыни ойлауды, эмоционалды зияткерлікті, көшбасшылық қасиеттерді және жеке басын жетіктіктерге ынталандыруды меңгереді. «IQanat» мектебінің заманауи әрі жаңаша әдістемелері бойынша оқыту нәтижесінде балалардың академиялық көрсеткіштері артып, өзекті техникалық және шығармашылық IT-дағдылары қалыптасады.

Сурет sk-trust.kz сайтынан    

Байланысты жаналықтар

ЮНЕСКО: Қазақстан мұраларын халықаралық деңгейде танымал ету мәселесі көтерілді

16.05.2025

Тоқаев Майра Ілиясованы 70 жас мерейтойымен құттықтады

02.05.2025

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

29.04.2025

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

24.04.2025

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

24.04.2025

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

23.04.2025
MalimBlocks
ЮНЕСКО: Қазақстан мұраларын халықаралық деңгейде танымал ету мәселесі көтерілді

Тоқаев Майра Ілиясованы 70 жас мерейтойымен құттықтады

Министр Аида Балаева Халық әртісі Майра Ілиясоваға Мемлекет басшысының арнайы құттықтауын жеткізді

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

"Алаш" халықаралық әдеби сыйлығы Қазақстан Жазушылар одағы басқарамасы Секретариатының шешімімен жыл сайын табысталатын марапат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

Ол республикалық "Қазақстан" газетінің бас редакторы болған

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды