Жазушы Мұхтар Мағауин ерекше ұсыныс білдірді

Қаламгер бидайды түркиялықтар «бұғдайы» деп айтатынын тілге тиек етеді

Malim Админ

  • 20.11.2023

Белгілі жазушы, мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин Қазақстанда бауырсақ күнін тойлауды ұсынды. Қаламгер танымдық мақаласында ұлттық дәмнің тарихы 20 ғасырға жететінін жазған. Оның жазуынша, ас түрі түркі халықтарының бірқатарында болуы мүмкін. Мәселен, біз тұтынатын кәдімгі  ұн түрік елінде де сол күйінше аталады. Ал жазушы бидайды Түркия халқы «бұғдайы» деп айтатынын тілге тиек етеді.

«Түрік пен қазақтың, нақтылап айтсақ, оғұз жұрты мен қыпшақ қауымының арасы біржола ажырағаны – Х ғасыр, яғни тұпа-тура мың жыл. Біз Еуразия шегінде қалдық, ал оғұздар Сейхұн – Сыр-дариядан ығысып, Әму – Жейхұн-дариядан ары асып, Анадолыға орнықты. Мың жыл бұрынғы кеп. Яғни, біздің түрік қауымында бұдан мың жыл бұрын да диірмен тартылған және ұн – ұн аталған. Осы ұнға жалғас бауырсақ та болуы күмәнсіз. Және айтылып отырған мың жыл – ең бергі меже. Одан әріде тағы қаншама заман. Қазіргі түріктер ұмытса да, біз байырғы атаудан қол үзбеппіз»...  

Сондай-ақ, Мағауин Моңғолияға сапарлап барғанда жергілікті жұрттың да бауырсақ әзірлейтінін, атауында да бізден ерекшелік жоқ екенін мысал еткен.

«...Сыпайы келіншекке тежеусіз, мол дастарқаны үшін қазақша ризашылық айтып, мына пісіріп жатқан, енді біздің алдымызға тартылған өзгеше тағамның атын сұрадым. «Бауырсақ» деді. Мен жаңылыс естідім бе деп қайыра сұрап едім. Қатесі жоқ. Бірақ нақты дыбысталуы сәл-пәл өзгеше – боорцак екен. Есебі, біздің бауырсақтың дәл өзі – боорцак, яғни бауырсақ».

Айта кетейік, бұл - Мұхтар Мағауиннің Түркияға қоныс аударғалы бері жазған алғашқы мақаласы. Танымдық жазбаның толық нұсқасын  halyq-uni.kz cайтынан оқи аласыздар. 

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

Зеленский Анкараға жетті