Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Данэлия Тулешова America's Got Talent финалда ұтылып қалды

Спорт
Данэлия Тулешова America's Got Talent финалда ұтылып қалды

Данэлия Тулешова  America's Got Talent байқауының финалында ұтылып қалды.

America's Got Talent шоуының биылғы жеңімпазы Брендан Лик болды. Ол миллион доллар ұтып алды.

Данэлия Тулешова Лос-Анджелес қаласында өткен америкалық America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті. Шоудың 15-маусымының финалы 22 қыркүйек күні NBC телеарансынан тікелей эфирде көрсетілген болатын. Тулешова австралиядық әнші Сианың "Alive" әніне кавер орындаған.

"Бұл өте күрделі омпозиция, бірақ біз осыны таңдадық. Қысқа уақытқа қарамастан жақсы дайындық жасадық. Мені қолдаған бәріңізге рахмет. Қолдауларыңыз өте маңызды", - дейді 14 жастағы әнші. 

Финалды 10 әнші өнер көрсеткен. Біздің әншіміз АҚШ-тағы көрермендердің дауыс беруінде негізгі фавориттердің бірі саналды. Ең бастысы Данэлия өз өнерімен барша көрерменді тәнті етті. Ол өнер көрсетіп болғаннан кейін бәрі орындарынан тұрып, ұзақ уақыт қол шапалақтаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу