Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дания мен Гренландияда АҚШ-қа қарсы ұранмен мыңдаған адам көшеге шықты

Әлем
Дания мен Гренландияда АҚШ-қа қарсы ұранмен мыңдаған адам көшеге шықты
Фото: Emil Helms/Ritzau Scanpix/AFP/Getty Images

Копенгагенде Гренландияның АҚШ бақылауына өтуіне қарсы шыққан митингке қатысушылар қала әкімдігі ғимаратының алдына жиналды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Наразылық акциялары Данияның басқа қалаларында, сондай-ақ Гренландияның өзінде де өтіп жатыр. Бүкіл Дания бойынша мыңдаған адам «Гренландиядан қолдарыңды тартыңдар» деген ұранмен көшеге шықты. Бұл туралы сенбі, 17 қаңтарда Reuters агенттігі хабарлады.

Копенгагенде митингке қатысушылар муниципалдық кеңес пен қала әкімдігі орналасқан ратуша ғимаратының алдына жиналды. Көпшілік «Гренландия сатылмайды» және «Kalaallit Nunaat!» (аралдың гренланд тіліндегі атауы — ред.) деп ұрандатты. Сонымен қатар олар автономиялық аумақтың қызыл-ақ түсті туын — Erfalasorput-ты ала шықты.

«Копенгагеннен берілген хабар айқын әрі анық. Гренландия — тауар емес», — деді Копенгаген мэрі Сиссе Мари Веллинг.

«Біз Гренландияның өзін-өзі анықтау құқығын және гренланд халқын құрметтеуді талап етеміз. Бұл тек Гренландия үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін күрес», — деп келтірді «Kalaallit Nunaat-тан қолдарыңды тартыңдар» атты гренланд азаматтық бастамасының ұйымдастырушысы Поуля Йоханнессеннің сөзін dpa агенттігі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу