Фельдшерлер мәселесін айтып, президентке видеоүндеу жасады

Олар №225 бұйрықтағы өзгерістерді алып тастауды сұрайды

Мәди Саматұлы

  • 23.11.2024

Фельдшерлер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан №225 бұйрыққа енгізілген өзгерістерді алып тастауды сұрап, үндеу жасап жатыр. Бұл туралы ZTB | QAZAQSTAN телеграм-арнасы жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Олардың айтуынша, бұл бұйрық алдымен халыққа теріс әсерін тигізеді. Фельдшерлердің деректеріне сүйенсек, жедел жәрдем шақыртуларының жалпы санының 40-60%-ын шұғыл медициналық көмек бригадалары орындайды.

Петропавл қаласының фельдшерінің айтуынша, бұл жобаның қабылдануы жедел жәрдем бригадаларына үлкен жүктеме түсіреді. Соның салдарынан, әсіресе түнгі уақытта көмек көрсету уақытында айтарлықтай кідірістер болуы мүмкін.

Мәселен, Саран қаласынан сөйлеген фельдшердің айтуынша, 4 санатқа кіретін шұғыл шақыртулар ішінде отит пен инфаркт те бар. Сонымен бірге, жол апаты мен пышақ жарақаты да осы санат ішінде. Ал шұғыл шақырту көбіне кешкі және түнгі уақыттарда түсетінін ескерсек, «осы шақыртудың бәрі бір уақытта түскенде медбригада қайсына барғаны дұрыс?» деген орынды сауал қояды.

Фельдшерлер жаңа өзгерістер азаматтардың медициналық көмекке қолжетімділігін төмендетіп, денсаулық сақтау жүйесінің сапасына кері әсер етеді деп алаңдайды.

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады