"Ота туралы ештеңе айта алмаймыз". Лифтіде шабуылға ұшыраған баланың жағдайы қалай?

Астанада лифтіде жасөспірім пышақпен шабуылдаған 5 жастағы баланың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Баланың жағдайы туралы анасы баяндады. Әйелдің айтуынша, балаға жарақаттан кейін нейропатия диагнозы қойылған. Баланың бетінің сол жағы қозғалыссыз қалған. Қазір ол физитерапиядан өтіп жүр екен. Дәрігерлер баланың сауығып кетуі туралы нақты болжам жасай алмай отыр.
Сол жақ беті қозғалмайды. Дәрігерлер қалпына келуі біраз уақытқа созылатынын айтуда. Қосымша операция туралы ешкім ешнәрсе айта алмай отыр, дейді баланың анасы.
Сарапшылардың айтуынша, баланың сауығып кетуі дене ерекшелігіне байланысты екен. Физиотерапия жүйке мен бұлшықетті ынталандыруға бағытталған. Бірақ баланың денесі қабылдауына қарай, ем-дом шаралары ұзаққа созылуы мүмкін.
Зардап шеккен баланың анасы тәжірибелі мамандардан көмек сұрайды.
Еске салайық, Астанада лифтіде психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 14 жастағы жасөспірім 5 жастағы баланың бетін пышақпен тілгілеп тастаған еді. Балаға дереу ота жасалды.
Фото: видеодан скрин