Қостанайлық фельдшердің жағдайына қатысты министр мәлімдеме жасады
Шақыртуға барған Анель Баймұрзинаны ұрып-соққан
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанайдағы жедел жәрдем фельдшеріне жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Malim.kz.
Оқиға желісі бойынша, шақыртуға келген жас қызметкер Анель Баймұрзинаны ұрып-соғып, ол алған жарақаттарынан ауруханаға түскен.
Жалпы, шұғыл медицина қызметкерлері адам өмірінің аса қауіпті кезеңінде көмекке келетін және өз өмірініңде қатеріне де мән беруге мүмкіндігі бола бермейтін қызметкерлер санатына жатады.
Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес, 2019-2023 жылдар аралығында елімізде қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде 158 медицина қызметкерлері зардап шеккен. Оның ішінде:
2022 жылы – 46;
2023 жылы – 80;
2024 жылы – 9 шабуыл тіркелген.
Медицина қызметкерлерінің қызметтік борышын орындауы барысында, оларға жасалған шабуыл, зорлық-зомбылық әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылықты енгізуге байланысты депутаттардың қолдауына сүйендік. Мұндай әрекеттер еркіндікті шектеуге және қоғамның айыптауына дейінгі әділ жазасын алуы тиіс, деп жазды министр.
Сондай-ақ, министр ауруханаға түскен қызметкердің жағдайын бақылауында ұстайтынын білдірді. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі өз өмірін қатерге тігіп, басқалардың өмірін сақтап қалатын медицина қызметкерлерінің қайсарлығы мен батылдығын атап өтетін мәлімдеді.
Фото: instagram/akmaralalnazarova