Жүктіліктің 40%-ы жоспарланбаған – Ұлттық комиссия

Ұлттық комиссия әйелдердің репродуктивті денсаулығын талқылады

Мәди Саматұлы

  • 25.05.2024

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында жасөспірім қыздарға медициналық қызмет көрсету және фертильді жастағы әйелдермен акушерлік-гинекологиялық қызметтің жұмысы мәселелері қаралды. Ерекше назарда – ауылдық елдімекен тұрғындары, деп хабарлайды Malim.kz.

Сенатор Ләззат Қалтаева отырысқа қатысушылардың назарын мүгедектігі бар әйелдерге медициналық қызмет көрсетудің проблемалық мәселелеріне аударды.

Ұлттық комиссияның мүшесі, қоғам қайраткері Тоғжан Қожалы шалғайдағы ауылдардағы әйелдерге көмек көрсететін акушерлік-гинекологиялық қызмет жұмысындағы бірқатар проблемаларды атап өтті.

Өңірлердегі ауылдық ауруханаларға, фельдшерлік пункттерге барып осы мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеген Ұлттық комиссия мүшелері денсаулық сақтау менеджерлерімен, дәрігерлермен және пациенттермен кездесулер барысында әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау үшін инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеу мәселесіне назар аударды.

Әйелдер консультацияларына, перзентханаларға, отбасын жоспарлау кабинеттеріне, ауылдық ауруханаларға, жастар денсаулық орталықтарына әдістемелік көмек көрсету қажеттілігі бар.

Отбасын жоспарлау кабинеттерінің жеткілікті санына қарамастан, жүктіліктің 40%-ы жоспарланбаған, ал прегравидарлық дайындықтан өткен жұптардың үлесі 30%-дан аспайды. Осы тұрғыда аталған жұмысты ұйымдастырудың тәсілдерін қайта қарау ұсынылды.

Ұлттық комиссия төрағасы Денсаулық сақтау министрлігінің жергілікті атқарушы органдармен, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктерімен бірлесіп фертильді жастағы қыздар мен әйелдердің денсаулығын сақтау, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын нығайту, сондай-ақ жастарды саналы ата-ана болуға дайындау жөнінде шаралар кешенін қабылдау қажеттігін атап өтті.

Фото: onclinic.ua

Байланысты жаналықтар

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

06.05.2025

Оқушы қыздар ойын ойнап, сыныптасын талдырып тастаған

21.04.2025

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

15.04.2025

Араб жазуы бар мемлекеттік тумен суретке түскен қыздар босатылды

29.03.2025

Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелінің мүрдесін перзентхананың жертөлесінен тауып алған

28.03.2025
MalimBlocks
Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

Жиын барысында қыз баланың инабаттылығы, киімі мен жүріс-тұрысы туралы уағыз-насихат айтылған

Оқушы қыздар ойын ойнап, сыныптасын талдырып тастаған

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

Араб жазуы бар мемлекеттік тумен суретке түскен қыздар босатылды

Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелінің мүрдесін перзентхананың жертөлесінен тауып алған

Жамбыл облысында жүкті әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды