Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Денсаумин вакцинацияға қарсы дәрігерлерге түсіндіру жұмыстарын өткізбек

Сұқбат
Денсаумин вакцинацияға қарсы дәрігерлерге түсіндіру жұмыстарын өткізбек

Денсаулық сақтау министрлігі вакцинацияға қарсы медициналық қызметкерлерге түсіндіру жұмыстарын өткізіп, тиісті ақпаратқа сілтемелер бермек. Жалпы алғанда, елімізде медициналық қызметкерлердің 90 пайызы вакцина салдырған. Бұл туралы бүгін өткен онлайн брифингіде денсаулық сақтау министрінің орынбасары Марат Шоранов мәлімдеді.

"Біз вакцинадан бас тартып жатқан дәрігерлерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткіземіз. Медицина қызметкерлері оқу орындарын аяқтап шыққан сәттен бастап өз бетінше үздіксіз білім алуы керек. Бұл – әлемдегі үрдіс, тренд. Сондықтан қолда бар ақпарат олар үшін жеткізіксіз болса, біз ол ақпарат ауқымын кеңейтуге дайынбыз. Әріптестерге тиісті сілтемелер беріп, ары қарай осы бағытта жұмыс істемекпіз", - деді Марат Шоранов.

8 шілдегі мәлімет бойынша, елімізде вакцинаның екі компонентін салдырғандар саны 2,2 миллион адамнан асты. Вакцинаның бірінші компонентін 4 миллионнан астам адам салдырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу