Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Депутат Бақытжан Базарбек жалақысы жетпейтінін айтты

Қоғам
Депутат Бақытжан Базарбек жалақысы жетпейтінін айтты

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек журналистерге қаржылық жағдайы жайлы ашық айтып, тауарларды және тіпті ұшақ билеттерін де бөліп төлеу арқылы сатып алатынын жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.


Парламент кулуарында тілшілер депутаттан несие мен бөліп төлеуге алған заттарының санын сұраған.

«Мысалы, мен ұшақ билеттерін де бөліп төлеймін. Қазір шамамен 8–9 түрлі бөліп төлеу несием бар. Өйткені Алматыға жиі барып, халықпен кездесіп тұрамын. Кейде жалақыны күтуге тура келеді. Мен кәсіпкер емеспін, қарапайым заңгермін. Бұрынғы заңгерлік тәжірибемді тоқтаттым, енді тек депутаттық айлыққа сүйеніп отырмын», — деді Базарбек.

Депутаттың сөзінше, кейде айлық кешігіп қалғанда да өңір тұрғындарымен кездесулерді кейінге қалдырмай, өз қаражатынан барып өткізетін кездері болады.

«Мысалы, жұма күні кешке ұшып барып, сенбі күні халықпен кездесемін. Кейбір тұрғын үй кешендерінің тұрғындары өздері хабарласып, шақырады. Ондай жағдайда өз есебімнен баруға тура келеді», — деп түсіндірді ол.

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу