Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген instagram парақшасында атасымен түскен фото жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол бала кезінде атасы Құдайберген Айтбаевпен түскен фотосуретімен бөлісіп, әсерлі жазба қалдырған. Әнші ата-әжесінің қолында тәрбиеленіп, оларды "мама, папа" деп атайтынын айтқан. Ата-әжесі Құдайберген Айтбаев пен Миуаз Низамутдинова осыдан бес жыл бұрын отасқандарына 50 жылдығын тойлаған болатын.
Мәңгі жүректесің, папа..., – деп жазды әнші.
Еске сала кетейік, былтыр 2023 жылғы 13 маусымда 82 жастағы Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев қайтыс болған еді.
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash