Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Досмұхамбетов: Орынбасарымның кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетемін

Сұқбат
Досмұхамбетов: Орынбасарымның кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетемін

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жемқорлық ісі бойынша күдікке ілініп, үстінен қылмыстық іс қозғалған бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаевтың кінәсі сотта дәлелденсе, отставкаға кететінін мәлімдеді.

"Тергеу қалай жүріп жатқаны туралы жауап бере алмаймын. Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес, мемлекеттік қызметкер тікелей қол астындағы қызметкер жемқорлықпен айыпталса және сот оны дәлелдесе, отставкаға кетуі керек. Барлық мемлекеттік қызметкер тәрізді мен де бұл заңға бағынамын, сот сондай шешім шығарса, заңға сәйкес әрекет етемін", - деді Махамбет Досмұхамбетов бүгін Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингіде.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының жетекшісі Тимур Басаров былтыр қыркүйекте ұсталды. Атырау облысы жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Таубаев пен басаров жол құрылысы және инфрақұрылымды дамытумен айналысатын компаниядан 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгенін мәлімдеген.

Былтыр желтоқсан аяғында тергеу аяқталып, іс сотқа берілді.

Жақында сот өтуі тиіс еді, алайда 9 маусым күні уақытша тергеу абақтасындағы Таубаевтың денсаулығы нашарлап, облыстық ауруханаға жеткізілді.  Таубаевтың өтіне операция жасалып, сот кейінге қалды.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу