Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дохада Газа мәселесі бойынша қайта келіссөз басталды

Әлем
Дохада Газа мәселесі бойынша қайта келіссөз басталды

Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы арасындағы Газа секторында атысты тоқтату режимін енгізу жөніндегі кезекті жанама келіссөздер кезеңі Доха қаласында басталды. Бұл туралы Al Araby телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.


France-Presse агенттігінің дереккөзіне сүйенсек, Қатардың делдалдығымен өтіп жатқан кеңестерде тараптар атысты тоқтату туралы келісімді іске асыру тетіктерін және Газадағы израильдік тұтқындарды Израиль түрмелерінде отырған палестиналықтарға айырбастау мәселесін талқылауға баса назар аударып отыр.

Еске сала кетейік, Израиль армиясы биылғы наурызда қаңтар айында орнатылған атысты тоқтату режимін бұзып, палестиналық анклавта әскери әрекеттерді қайта бастады. Бұған дейін Египет, Қатар және АҚШ-тың арағайындығымен өткен бірнеше келіссөз раундтарында тараптар жаңа мәміле шарттары бойынша ортақ келісімге келе алмаған еді.

Айта кетейік, Израиль Газа бойынша жаңа келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді.

Фото: Анадолы  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу