12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Елдің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады

Malim Админ

  • 12.09.2024

«Қазгидромет» еліміздің өңірлерінде 12 қыркүйек күні болатын ауа райы болжамын жариялады.


Деректерге қарағанда, баяу жылжитын антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн негізінен жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің шығысында фронталды бөліктер әсерінен жаңбыр жауатын болады. Респубика бойынша жел күшейіп, елдің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, Ақтөбе облысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының шығысында, Алматы облысының орталығында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болуы мүмкін.

Фото:  Pexels  

Байланысты жаналықтар

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

13.05.2025

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

11.05.2025

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

10.05.2025

8, 9 және 10 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

07.05.2025
MalimBlocks
"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

8, 9 және 10 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды