Демалыс күндері ауа райы 37 градусқа дейін жетеді

Арман Қайыпхан

  • 25.04.2025

Көптеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Әсіресе, 27 сәуірде Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында, 28 сәуірде Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында толассыз жауын жауады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, республиканың батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында тұман түседі. 26 сәуір түнінде Абай облысында, 26–27 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысында 1–3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.

Батыс өңірлерде түнгі ауа температурасы 10–15 градустан 2–10 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 20–27 градустан 6–14 градусқа дейін салқындайды.

Оңтүстік-батыстатүнгі температура 12–20 градустан 7–15 градусқа дейін түсіп, 28 сәуірде күндізгі температура 10–18 градусқа дейін төмендейді.

Солтүстік-батыста түнде 10–17 градустан 7–12 градусқа дейін төмендейді, күндіз 20–28 градустан 12–22 градусқа дейін түседі.

Солтүстік өңірлерде түнгі температура 5–10 градустан 10–17 градусқа дейін көтеріледі, ал күндіз 21–28 градустан 18–23 градусқа дейін төмендейді.

Орталық Қазақстанда түнде 5–15 градустан 12–17 градусқа дейін, ал күндіз 23–30 градус аралығында жылы ауа райы сақталады.

Шығыста түнде 1–8 градус жылы болып, солтүстік-шығыста 1–3 градус үсік жүруі мүмкін. Күндіз 20–27 градустан 23–31 градусқа дейін жылынады.

Оңтүстікте түнгі температура 15–20 градустан 17–23 градусқа дейін жоғарылап, күндіз 28–33 градустан 32–37 градусқа дейін ыси түседі.

Оңтүстік-шығыста түнде 5–17 градустан 10–20 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 22–30 градустан 27–35 градусқа дейін ысиды.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

20 мамырдағы ауа райы болжамы

19.05.2025

Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

16.05.2025

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025

Аптап ыстық: 16 мамырға арналған ауа райы болжамы

15.05.2025

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

13.05.2025

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025
MalimBlocks
20 мамырдағы ауа райы болжамы

Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

Аптап ыстық: 16 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі